"Вампирлер балы" аяқталып келеді – Путин батыс элитасы туралы не деді

© Sputnik / Гавриил Григоров / Медиабанкке өтуИнтервью Владимира Путина гендиректору "России сегодня" Дмитрию Киселеву
Интервью Владимира Путина гендиректору России сегодня Дмитрию Киселеву - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2024
Жазылу
Оның айтуынша, "алтын миллиард" қалыптасқан әділетсіз жағдайды сақтап қалғысы келеді
АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. "Адам еңбегін пайдаланып қарнын қампитуға" дағдыланған батыс элитасы әлемдегі әділетсіз жағдайды сақтап қалғысы келеді, бірақ "вампирлер балы" аяқталып келеді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин РИА Новости агенттігі үшін Дмитрий Киселевке берген сұхбатында мәлімдеді.
Батыс мемлекеттерінің Африка, Азия және Латын Америкасы елдерін отар ретінде пайдалану тәжірибесіне Ресей президенті осылайша түсініктеме берді.
Оның пікірінше, "алтын миллиард" қалыптасқан әділетсіз жағдайды сақтап қалғысы келеді, бірақ "басқа халықтардың еңбегімен күнелту" жақын арада мүмкін болмайды.
Владимир Путин сондай-ақ Ресейдің Батысты жікке бөлумен айналыспайтынын, олар мұны өздері-ақ жасайтынын атап өтті.
"Серіктестер" арасындағы бәсекелестік тым жоғары. Біз, әрине, өз мүддеміздің сақталуына күш саламыз", - деп түйіндеді Ресей басшысы.
Сонымен қатар Путин Ресей өзінің ішкі саяси процестеріне ешкімнің араласуына жол бермейтінін айтты.
Путин орыс халқының мүддесі үшін жұмыс істейтінін, өзін "әлемнің тағдырын шешуші" санамайтынын, тек Ресей қоғамының қажеттіліктерін қанағаттандыратынын атап өтті.
Жаңалықтар
0