https://sputnik.kz/20240313/ulytau-oblysynda-zhogary-lauazymdy-sheneunikter-6-zhylga-sottaldy-42849727.html
Ұлытау облысында жоғары лауазымды шенеуніктер 6 жылға сотталды
Ұлытау облысында жоғары лауазымды шенеуніктер 6 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T11:11+0500
2024-03-13T11:11+0500
2024-03-13T11:11+0500
ұлытау облысы
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді."Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы" ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілді.Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы
Ұлытау облысында жоғары лауазымды шенеуніктер 6 жылға сотталды
Олар мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты парақорлық фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Лауазымды тұлғалар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.
Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
"Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы" ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот процесі ашық форматта өткізілді.
Процеске облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ облыстың, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері онлайн режимде қосылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.