https://sputnik.kz/20240313/ukrainada-aqsh-askeri-payda-bolsa-biz-olarga-intervent-retinde-qaraymyz--putin-42848105.html
Украинада АҚШ әскері пайда болса, біз оларға интервент ретінде қараймыз – Путин
Украинада АҚШ әскері пайда болса, біз оларға интервент ретінде қараймыз – Путин
Sputnik Қазақстан
Ол Украинада шетелдік әскердің пайда болуы ұрыс даласында ештеңені өзгертпейтінін айтты 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T09:52+0500
2024-03-13T09:52+0500
2024-03-13T09:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23515014_0:0:2936:1653_1920x0_80_0_0_9133609acae7c9dca3d54ccc5b94e804.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. АҚШ әскері Украинада пайда болса, Ресей оларға интервент ретінде қарайды. Вашингтон мұны біліп отыр, деді Владимир Путин Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.Ол Украинада шетелдік әскердің болуы және Киевке қару-жарақ жеткізілуі ұрыс даласында ештеңені өзгертпейтінін айтты.Ол қақтығыс басталғаннан кейін Батыс елдері Ресейді жоямыз деп ойлағанын, бірақ "орыс халқының бірлігі, Ресейдің қаржылық-экономикалық жүйесінің тұрақтылығы және Қарулы күштердің күш-қуатының артуы алдында дәрменсіздікке тап болғанын" айтты.Осы тұста Ресей президенті Польшаның тарихи тұрғыдан өз жері деп санайтын аумақты қайтарып, Украина аумағына әскер кіргізгісі келетініне қатысты түсініктеме берді."Олар сол аумақты қайтарғысы келеді. Ал егер ол жерге ресми поляк әскери бөлімшелері кірсе, олардың сол аумақтан қайта шығуы екіталай", - деді ол.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23515014_191:0:2920:2047_1920x0_80_0_0_d4af28c297cbe495bfd00e4dfdb6104f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Украинада АҚШ әскері пайда болса, біз оларға интервент ретінде қараймыз – Путин
Ол Украинада шетелдік әскердің пайда болуы ұрыс даласында ештеңені өзгертпейтінін айтты
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. АҚШ әскері Украинада пайда болса, Ресей оларға интервент ретінде қарайды. Вашингтон мұны біліп отыр, деді Владимир Путин Дмитрий Киселевке берген сұхбатында.
Ол Украинада шетелдік әскердің болуы және Киевке қару-жарақ жеткізілуі ұрыс даласында ештеңені өзгертпейтінін айтты.
"Мәселе мынада, Батыс елдерінің әскерилері Украинада бұрыннан бар, олар төңкеріске дейін де болған, ал мемлекеттік төңкерістен кейін олардың саны бірнеше есе өсті. Қазір олар кеңесшілер түрінде, шетелдік жалдамалы жауынгерлер түрінде тікелей қатысып, шығынға ұшырап жатыр. Бірақ әңгіме шет мемлекеттердің ресми әскери контингенттеріне қатысты болса, бұл ұрыс даласындағы жағдайды өзгертпейтініне сенімдімін", - деп түсіндірді Путин.
Ол қақтығыс басталғаннан кейін Батыс елдері Ресейді жоямыз деп ойлағанын, бірақ "орыс халқының бірлігі, Ресейдің қаржылық-экономикалық жүйесінің тұрақтылығы және Қарулы күштердің күш-қуатының артуы алдында дәрменсіздікке тап болғанын" айтты.
Осы тұста Ресей президенті Польшаның тарихи тұрғыдан өз жері деп санайтын аумақты қайтарып, Украина аумағына әскер кіргізгісі келетініне қатысты түсініктеме берді.
"Олар сол аумақты қайтарғысы келеді. Ал егер ол жерге ресми поляк әскери бөлімшелері кірсе, олардың сол аумақтан қайта шығуы екіталай", - деді ол.