https://sputnik.kz/20240313/taylandqa-vizasyz-kiruge-bolady--qaulynyn-zhobasy-zhariyalandy-42849273.html
Қазақстандықтар Тайландқа 30 күнге визасыз кіре алады
Қазақстандықтар Тайландқа 30 күнге визасыз кіре алады
Sputnik Қазақстан
Жеңілдікті алты айдың ішінде үш рет пайдалануға рұқсат етіледі 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T12:08+0500
2024-03-13T12:08+0500
2024-03-13T12:08+0500
виза
визасыз режим
таиланд
https://sputnik.kz/img/07e7/06/05/35646784_0:183:2003:1310_1920x0_80_0_0_500651d2ef868310b6b50b3ab5ead395.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметі және Тайланд үкіметі арасындағы визалық талаптардан босатуға арналған келісімге қол қою туралы қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжат жобасына сәйкес, екі елдің азаматтары 30 күнге виза алудан босатылады. Осы жеңілдікті алты айдың ішінде үш рет пайдалануға болады. Бірақ визасыз жүру мерзімінің жиынтығы күнтізбелік 90 күннен аспауы шарт. Осылайша, 30 күн өткен сайын елден шығып, визасыз қайта кіруге болады.Келісімнің нақты мерзімі жоқ. Бірақ алдымен мемелекетішілік рәсімдер орындалуы қажет. Одан кейін екі жақ дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жазбаша хабарлама жібереді. Содан бастап күнтізбелік 30 күннен соң келісім күшіне енеді.Әрбір тарап екінші тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, келісімді бұза алады. Ондайда соңғы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кейін келісім күші тоқтатылады.
таиланд
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/05/35646784_256:0:2003:1310_1920x0_80_0_0_dca65e557e07a79723724739506fe539.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
виза, визасыз режим, таиланд
виза, визасыз режим, таиланд
Қазақстандықтар Тайландқа 30 күнге визасыз кіре алады
Жеңілдікті алты айдың ішінде үш рет пайдалануға рұқсат етіледі
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметі және Тайланд үкіметі арасындағы визалық талаптардан босатуға арналған келісімге қол қою туралы қаулының
жобасын әзірледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжат жобасына сәйкес, екі елдің азаматтары 30 күнге виза алудан босатылады. Осы жеңілдікті алты айдың ішінде үш рет пайдалануға болады. Бірақ визасыз жүру мерзімінің жиынтығы күнтізбелік 90 күннен аспауы шарт. Осылайша, 30 күн өткен сайын елден шығып, визасыз қайта кіруге болады.
"Егер осы баптың 1-тармағында аталған адамдар екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз (30) күннен артық болуға ниет білдірсе, сол тарап мемлекетінің заңнамалары мен қағидаларына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс", - делінген қаулы жобасында.
Келісімнің нақты мерзімі жоқ. Бірақ алдымен мемелекетішілік рәсімдер орындалуы қажет. Одан кейін екі жақ дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жазбаша хабарлама жібереді. Содан бастап күнтізбелік 30 күннен соң келісім күшіне енеді.
Әрбір тарап екінші тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, келісімді бұза алады. Ондайда соңғы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кейін келісім күші тоқтатылады.