Ресей президенті Владимир Путиннің ауқымды сұхбаты – видео

Жазылу
Бүгін Астана уақытымен сағат 12:00-де президент Владимир Путиннің тележүргізуші Дмитрий Киселевпен сұхбаты эфирге шығады. Ресей басшысы барлық сұраққа жауап береді.
"Алда Ресей президентімен ауқымды сұхбат болады, онда көп мәселеге тоқталамыз. Біз дайындалып жатырмыз", - деді Киселев Кремльдің Сенат сарайының фонында тұрып.
Тележүргізуші Путиннің Федеральды жиналысқа екі сағаттық үндеуінен кейін көптеген қосымша сұрақ туындағанын атап өтті.
"Батыстан төнген жаңа қауіптер де өзекті бағалауды қажет етеді", - деді ол.
Ресей басшысы мен тележүргізуші Дмитрий Киселевтің сұхбатының трансляциясы Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. Путин бұған дейін америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат берген болатын. Ол осы жылдың 6 ақпанында болып, екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Жаңалықтар
0