https://sputnik.kz/20240313/qazaqstanda-20-mynga-zhuyq-otbasy-perzent-suye-almay-zhur-42858737.html
Қазақстанда 20 мыңға жуық отбасы перзент сүйе алмай жүр
Қазақстанда 20 мыңға жуық отбасы перзент сүйе алмай жүр
Sputnik Қазақстан
Суррогат ана айтқанынан айнып, тоғыз ай көтергенін тапсырыс иелеріне беруден бас тартуы мүмкін 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T14:28+0500
2024-03-13T14:28+0500
2024-03-13T14:28+0500
бедеулік
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Елде бедеулік, белсіздік белең алды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 20 мыңға жуық отбасы перзент сүйе алмай жүр, деп хабарлады 24.kz.Алайда бүгінгі медицина өздігінен босана алмайтындарға көмектесе алады. Қазір бала сүюдің бірнеше мүмкіндігі бар. Солардың бірі – суррогат ана қызметіне жүгіну. Бірақ мұндай шешелер аз. Сол себепті қызмет құны да тым жоғары."Суррогат ана болатын әйелдер еріккеннен бармайды. Олар ақша тапқысы келеді. Өйткені олар мұқтаж болғаннан кейін, суррогатты ана бағдарламасына мұқтаж болғаннан жұбайларға қызмет етеді. Өз еркімен заң жүзінде, нотариус арқылы келісімшартқа отырады", - дейді репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова.Жарнама сайттары мен арнаулы агенттіктер ұсынған қызмет құнын саралап көрдік. Алғашында медициналық тексеріске 2 млн теңгеге жуық қаржы жаратасыз. Артынша суррогат анаға 3 млн теңге бересіз. Нотариалдық қызмет құны – 60 мың. Оған жүктілік кезіндегі күтімге төлейтін 2-2,5 млн теңге қосылады. Тіпті жүкті әйелдің жерік асы да сіздің мойныңызда. Бұл – нарықта төменгі баға.Қысқасы, өзгенің жатырында жетілетін ұл-қызыңыз үшін 10 миллиондап ақша санап беруге даяр болуыңыз керек. Ал бұл өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Мәселен, бұл қызмет түріне Чехияда 80, Бельгияда 65, Дания мен Ресейде 60 мың АҚШ долларын жаратасыз.Қазақстанда құрсақ ана қызметі арзан екенін айттық. Сондай-ақ шетелдіктерді біздегі заңның ыңғайлығы да қызықтырады. Мәселен, алда-жалда суррогат ана айтқанынан айнып, тоғыз ай көтергенін тапсырыс иелеріне беруден бас тартуы мүмкін. Ондайда баланы генетикалық ата-анасына қайтаруға сот араласады. Ол заңмен шегеленген. Тіпті әлгі ана сәби туралы ақпарат таратса, түрмеге қамалады."Адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз басқа да деректерді тарату 3 мың АЕК дейін айыппұл төлеуден бастап, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазаға тартылады. Бұл ақпараттарды жаңағы БАҚ арқылы интернет желілерінде тарататын болса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - дейді заңгер Асқар Астаев.Ал дін қызметкерлері жатырды жалға беру дегенге үзілді-кесілді қарсы. Бұлай жалғаса берсе, құндылықтарымыз тапталып, ұлттық кодымыз жойылады екен."Неке жоқ болған соң дінімізде зинаның бір түрі болып есептеледі. Дініміздің асыл мұрат-мақсаттарының бірі – текті сақтау. Тектілік дейміз, бұл – қазақтың дәстүріне біте қайнасқан дүниелер. Ана болашақта өзінің күйеуінен ұл туады, сосын кезінде жаңағы суррогаттық ана ретінде босанып берген балаға үйленіп жатса, не болады? Бұл тексіздікке апарады", - дейді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елібек Тасболатұлы.Елде 28 клиника жасанды ұрықтандырумен айналысады. Оның 12-сі суррогат аналардың қызметіне жүгінеді. Алайда жыл сайын қанша сәби жалдамалы жатырда өмір есігін ашатыны белгісіз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бедеулік
Қазақстанда 20 мыңға жуық отбасы перзент сүйе алмай жүр
Суррогат ана айтқанынан айнып, тоғыз ай көтергенін тапсырыс иелеріне беруден бас тартуы мүмкін
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Елде бедеулік, белсіздік белең алды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 20 мыңға жуық отбасы перзент сүйе алмай жүр, деп хабарлады
24.kz. Алайда бүгінгі медицина өздігінен босана алмайтындарға көмектесе алады. Қазір бала сүюдің бірнеше мүмкіндігі бар. Солардың бірі – суррогат ана қызметіне жүгіну. Бірақ мұндай шешелер аз. Сол себепті қызмет құны да тым жоғары.
"Суррогат ана болатын әйелдер еріккеннен бармайды. Олар ақша тапқысы келеді. Өйткені олар мұқтаж болғаннан кейін, суррогатты ана бағдарламасына мұқтаж болғаннан жұбайларға қызмет етеді. Өз еркімен заң жүзінде, нотариус арқылы келісімшартқа отырады", - дейді репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова.
Жарнама сайттары мен арнаулы агенттіктер ұсынған қызмет құнын саралап көрдік. Алғашында медициналық тексеріске 2 млн теңгеге жуық қаржы жаратасыз. Артынша суррогат анаға 3 млн теңге бересіз. Нотариалдық қызмет құны – 60 мың. Оған жүктілік кезіндегі күтімге төлейтін 2-2,5 млн теңге қосылады. Тіпті жүкті әйелдің жерік асы да сіздің мойныңызда. Бұл – нарықта төменгі баға.
Қысқасы, өзгенің жатырында жетілетін ұл-қызыңыз үшін 10 миллиондап ақша санап беруге даяр болуыңыз керек. Ал бұл өзге елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Мәселен, бұл қызмет түріне Чехияда 80, Бельгияда 65, Дания мен Ресейде 60 мың АҚШ долларын жаратасыз.
"Әйелдер 5 миллионнан артық, сол шамада қаражат алады. Ал енді сол бір жыртығын жамайды деп айтайық. Кредитін жабады немесе бір жыртығын жамар. Үй алуға себеп, 5 млн-ға үй ала алмайды. Балаларын емдете ме, оқыта ма? Сондықтан олар – қаражатқа мұқтаж жандар. Өте сирек жағдайда ақысыз суррогаттық ана болады", - дейді репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова.
Қазақстанда құрсақ ана қызметі арзан екенін айттық. Сондай-ақ шетелдіктерді біздегі заңның ыңғайлығы да қызықтырады. Мәселен, алда-жалда суррогат ана айтқанынан айнып, тоғыз ай көтергенін тапсырыс иелеріне беруден бас тартуы мүмкін. Ондайда баланы генетикалық ата-анасына қайтаруға сот араласады. Ол заңмен шегеленген. Тіпті әлгі ана сәби туралы ақпарат таратса, түрмеге қамалады.
"Адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз басқа да деректерді тарату 3 мың АЕК дейін айыппұл төлеуден бастап, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазаға тартылады. Бұл ақпараттарды жаңағы БАҚ арқылы интернет желілерінде тарататын болса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - дейді заңгер Асқар Астаев.
Ал дін қызметкерлері жатырды жалға беру дегенге үзілді-кесілді қарсы. Бұлай жалғаса берсе, құндылықтарымыз тапталып, ұлттық кодымыз жойылады екен.
"Неке жоқ болған соң дінімізде зинаның бір түрі болып есептеледі. Дініміздің асыл мұрат-мақсаттарының бірі – текті сақтау. Тектілік дейміз, бұл – қазақтың дәстүріне біте қайнасқан дүниелер. Ана болашақта өзінің күйеуінен ұл туады, сосын кезінде жаңағы суррогаттық ана ретінде босанып берген балаға үйленіп жатса, не болады? Бұл тексіздікке апарады", - дейді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елібек Тасболатұлы.
Елде 28 клиника жасанды ұрықтандырумен айналысады. Оның 12-сі суррогат аналардың қызметіне жүгінеді. Алайда жыл сайын қанша сәби жалдамалы жатырда өмір есігін ашатыны белгісіз.