https://sputnik.kz/20240313/barlyq-mekteptin-oqushylary-bir-uaqytta-kuy-tartady-42851629.html
Барлық мектептің оқушылары бір уақытта күй тартады
Барлық мектептің оқушылары бір уақытта күй тартады
Sputnik Қазақстан
Іс-шараның мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T12:47+0500
2024-03-13T12:47+0500
2024-03-13T12:47+0500
оқушы
күй
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33031885_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_6c07272fbea076eb4e7f17d6383aebb9.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстандық оқушылар Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж бастауға бел буып отыр. Барлығы бір уақытта күй тартады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.20 наурыз күні сағат 12:00-де барлық мектепте домбырашылар челленджі өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу.Министрліктің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекованың айтуынша, челленджге ешкімді міндеттемейді. Балалар өз қалауымен қатысады.Айта кетері, биыл жалпы білім беретін мектептерде Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында өтеді. Осы күндері тақырыптық челлендждер, жалпыұлттық экологиялық акция және ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33031885_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_0f0c29168d199158e7b8e15b8899e876.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, күй
Барлық мектептің оқушылары бір уақытта күй тартады
Іс-шараның мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстандық оқушылар Наурыз мейрамына арналған республикалық челлендж бастауға бел буып отыр. Барлығы бір уақытта күй тартады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
20 наурыз күні сағат 12:00-де барлық мектепте домбырашылар челленджі өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу.
Министрліктің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекованың айтуынша, челленджге ешкімді міндеттемейді. Балалар өз қалауымен қатысады.
"Бұл челлендж былтыр алғаш рет өтті. Домбыраның күмбірлеген үні бір уақытта барлық білім беру ұйымында естілді. Бұл еліміздің мәдени өмірі үшін елеулі оқиға. Шаралар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізіледі", - дейді Медетбекова.
Айта кетері, биыл жалпы білім беретін мектептерде Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында өтеді. Осы күндері тақырыптық челлендждер, жалпыұлттық экологиялық акция және ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.