https://sputnik.kz/20240313/askeri-tekhnikamen-marsh-zhasaydy-qorganys-ministrligi-khalyqty-durlikpeuge-undedi-42847826.html
"Әскери техникамен марш жасайды": қорғаныс министрлігі халықты дүрлікпеуге үндеді
"Әскери техникамен марш жасайды": қорғаныс министрлігі халықты дүрлікпеуге үндеді
Sputnik Қазақстан
Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін 13.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-13T09:36+0500
2024-03-13T09:36+0500
2024-03-13T09:36+0500
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/205/15/2051551_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_8942cd5851b5c063c3c458565305ab02.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери техниканың жауынгерлік дайындыққа шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.13 наурызда Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы аясында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды."Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз", - дейді министрлік мамандары.Осыған байланысты министрлік азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, әлеуметтік желілерде әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар таратпауды сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/205/15/2051551_338:0:4946:3456_1920x0_80_0_0_cffb8c6d7eb8ae78b1811b3a4f5a22f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі
"Әскери техникамен марш жасайды": қорғаныс министрлігі халықты дүрлікпеуге үндеді
Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери техниканың жауынгерлік дайындыққа шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
13 наурызда Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы аясында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.
"Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз", - дейді министрлік мамандары.
Осыған байланысты министрлік азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, әлеуметтік желілерде әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар таратпауды сұрады.