https://sputnik.kz/20240312/respublikalyq-byudzhetke-396-mlrd-tenge-tuspey-qaldy--ministr-42822902.html
Республикалық бюджетке 396 млрд теңге түспей қалды – министр
Республикалық бюджетке 396 млрд теңге түспей қалды – министр
Sputnik Қазақстан
Екі айдың қорытындысы бойынша кірістер бойынша жоспар 83%-ға орындалған 12.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-12T11:36+0500
2024-03-12T11:36+0500
2024-03-12T11:36+0500
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40312138_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_33d99b46ddc4da77c0dea4178c56a369.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 396 млрд теңге кіріс түспей қалды. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, биылғы екі айда мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түсті немесе жоспар 102,5%-ке орындалды.Басты себептердің бірі – негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген.Сондай-ақ, "Теңізшевройл" ЖШС-ның мұнайдың экспорт көлемін 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қаңтарға ауыстыруына байланысты экспорттық кеден бажының салығы салынатын шикі мұнай экспорты көлемінің 1 млн тоннаға азайғаны байқалады, деп атап өтті министр.Бұдан басқа, жоспардың орындалмауына осы жылдың қаңтарынан бастап 2023 жылғы қосылған құн салығы бойынша 594 млрд теңгенің 252 млрд теңгесі сомасындағы борыштарды қайтара бастауы әсер етті, деп толықтырды Тәкиев.Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің кірістері 156%-ға атқарылып, 1 трлн 322 млрд теңгені құрады. Жоспар 475 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 433 млрд теңгеге асыра орындалды.Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалды, деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/15/40312138_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4f9c52d9ef7763265c6f45c35cd7d3e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет
Республикалық бюджетке 396 млрд теңге түспей қалды – министр
Екі айдың қорытындысы бойынша кірістер бойынша жоспар 83%-ға орындалған
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 396 млрд теңге кіріс түспей қалды. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, биылғы екі айда мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түсті немесе жоспар 102,5%-ке орындалды.
"Республикалық бюджетке 1 трлн 902 млрд теңге кірістер түсті немесе жоспар 83%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы", - деді Тәкиев үкімет отырысында.
Басты себептердің бірі – негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген.
Сондай-ақ, "Теңізшевройл" ЖШС-ның мұнайдың экспорт көлемін 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қаңтарға ауыстыруына байланысты экспорттық кеден бажының салығы салынатын шикі мұнай экспорты көлемінің 1 млн тоннаға азайғаны байқалады, деп атап өтті министр.
Бұдан басқа, жоспардың орындалмауына осы жылдың қаңтарынан бастап 2023 жылғы қосылған құн салығы бойынша 594 млрд теңгенің 252 млрд теңгесі сомасындағы борыштарды қайтара бастауы әсер етті, деп толықтырды Тәкиев.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің кірістері 156%-ға атқарылып, 1 трлн 322 млрд теңгені құрады. Жоспар 475 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 433 млрд теңгеге асыра орындалды.
Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалды, деп мәлімдеді ведомство басшысы.