https://sputnik.kz/20240312/quandyq-bishimbaevty-alqabiler-soty-sottaydy-42842205.html
Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайды
Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық істі алқабилер сотында қарауға айыптаушы да, қорғаушы тарап та қарсы болмады 12.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-12T20:19+0500
2024-03-12T20:19+0500
2024-03-12T22:48+0500
қуандық бишімбаев
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0c/42841806_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_001461c5ea8a07c2244e3150a00dc128.jpg
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Сот Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандырды.Астанада әйелін айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Күлбаева қарады.Сот процесі ашық түрде өтіп, аудио-бейне жазбаға түсірілді. Басты сот отырысы 27 наурызда өтеді.Сот айыпталушыға қатысты істі "Абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша қайта саралаудан бас тартты.Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаған жоқ.Қуандық Бишімбаевқа қандай айып тағылып отыр?2023 жылғы 9 қарашада елорда мейрамханаларының бірінде қайғылы оқиға болды – Салтанат Нүкенова дене жарақатынан қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша әйелді жұбайы Қуандық Бишімбаев ұрып-соққан. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген және жедел жәрдем келгенде әйел қайтыс болып кеткен.Сол күні ІІМ мейрамханадағы төбелес фактісін ғана растап, әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғанын айтты. Алайда полиция күдіктінің атын атаудан бас тартты.Кейін Қазақстанның ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады. Ал ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеуді жеке бақылауға алды.2024 жылдың қаңтарында Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевқа "айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруден" басқа "азаптау" бабы да жүктелетінін айтты.Бишімбаев кім?Қуандық Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылордада дүниеге келген. Үйленген, үш ұлы мен қызы бар.1999 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.2001 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің дипломын алды. Сол жылы АҚШ-тағы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Вашингтон университетін бітірді.Еңбек жолын "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да менеджер болып бастаған.2002 жылы Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің Функционалдық талдау бөлімінің бастығы және инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары болды.2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бірнеше жылдан кейін Қазақстан президентінің көмекшісі болды.Әр жылдары Қазақстанның сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы, республиканың ұлттық экономика министрі қызметтерін атқарды.2018 жылы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "пара алу", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" баптары бойынша сотталды. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, 2019 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0c/42841806_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_f4488e7e11ff6affb39c7d23f203c006.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев
Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайды
20:19 12.03.2024 (жаңартылды: 22:48 12.03.2024) Қылмыстық істі алқабилер сотында қарауға айыптаушы да, қорғаушы тарап та қарсы болмады
АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Сот Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандырды.
Астанада әйелін айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Күлбаева қарады.
"Сот айыпталушы Бишімбаевтың істі алқабилердің қарауына беру туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп санайды", - деді Айжан Күлбаева.
Сот процесі ашық түрде өтіп, аудио-бейне жазбаға түсірілді. Басты сот отырысы 27 наурызда өтеді.
Сот айыпталушыға қатысты істі "Абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша қайта саралаудан бас тартты.
Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаған жоқ.
Қуандық Бишімбаевқа қандай айып тағылып отыр?
2023 жылғы 9 қарашада елорда мейрамханаларының бірінде қайғылы оқиға болды – Салтанат Нүкенова дене жарақатынан қайтыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша әйелді жұбайы Қуандық Бишімбаев ұрып-соққан. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккен адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген және жедел жәрдем келгенде әйел қайтыс болып кеткен.
Сол күні ІІМ мейрамханадағы төбелес фактісін ғана растап, әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғанын айтты. Алайда полиция күдіктінің атын атаудан бас тартты.
Кейін Қазақстанның ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады. Ал ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеуді жеке бақылауға алды.
2024 жылдың қаңтарында Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевқа "айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруден" басқа "азаптау" бабы да жүктелетінін айтты.
Қуандық Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылордада дүниеге келген. Үйленген, үш ұлы мен қызы бар.
1999 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2001 жылы Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің дипломын алды. Сол жылы АҚШ-тағы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Вашингтон университетін бітірді.
Еңбек жолын "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да менеджер болып бастаған.
2002 жылы Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің Функционалдық талдау бөлімінің бастығы және инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары болды.
2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бірнеше жылдан кейін Қазақстан президентінің көмекшісі болды.
Әр жылдары Қазақстанның сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы, республиканың ұлттық экономика министрі қызметтерін атқарды.
2018 жылы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "пара алу", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" баптары бойынша сотталды. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, 2019 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.