Денсаулық

Келесі жылы қаңтардан бастап тұрғындар жеке медициналық кітапшаны онлайн ала алады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуМедицинский работник выдает медицинскую карту пациенту в регистратуре, архивное фото
Медицинский работник выдает медицинскую карту пациенту в регистратуре, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Жеке медициналық кітапша электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары толығымен онлайн-форматқа көшеді.
Бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.
Жеке медициналық кітапша электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады.
"Жеке медициналық кітапшаны беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде „Е-Денсаулық“ сервисі „Жеке медициналық кітапша“ модулінің деректерін қабылдауды бастайды", — деп жазды денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңалықтар
0