https://sputnik.kz/20240312/bektenov-inflyatsiyany-8-ke-deyin-tomendetudi-tapsyrdy-42823286.html
Бектенов инфляцияны 8%-ке дейін төмендетуді тапсырды
Бектенов инфляцияны 8%-ке дейін төмендетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Премьер әкімдіктердің азық-түлік бағасын төмендету бойынша қабылдаған шаралары жеткіліксіз деп санайды 12.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-12T12:10+0500
2024-03-12T12:10+0500
2024-03-12T12:10+0500
инфляция
https://sputnik.kz/img/706/78/7067845_0:0:3720:2092_1920x0_80_0_0_961e57d54350ee40a95f1039333454f5.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет пен Ұлттық банкке биыл инфляцияны 8%-ке дейін түсіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, екі айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3%-ті құрады.Өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсімі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркеліп отыр.Бектенов осы мәселенің әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті, орынбасары Серік Жұманғаринге оны қатаң бақылауда ұстауды тапсырды."Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", деді премьер.Бектеновтің айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.Сонымен қатар импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет."Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейтіп, Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындау бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Жоспарланған және қолданыстағы барлық жоба белгіленген мерзімдерде іске асырылуға тиіс", - деді үкімет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/706/78/7067845_0:0:3156:2367_1920x0_80_0_0_e10d397d1c0d1db2a99da4a549fd20a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция
Бектенов инфляцияны 8%-ке дейін төмендетуді тапсырды
Премьер әкімдіктердің азық-түлік бағасын төмендету бойынша қабылдаған шаралары жеткіліксіз деп санайды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет пен Ұлттық банкке биыл инфляцияны 8%-ке дейін түсіруді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, екі айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3%-ті құрады.
"Биыл үкімет пен Ұлттық банктің алдында оны 8%-тен төмен ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдер қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді", - деп мәлімдеді Бектенов үкімет отырысында.
Өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсімі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркеліп отыр.
Бектенов осы мәселенің әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті, орынбасары Серік Жұманғаринге оны қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
"Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", деді премьер.
Бектеновтің айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.
Сонымен қатар импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.
"Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейтіп, Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындау бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Жоспарланған және қолданыстағы барлық жоба белгіленген мерзімдерде іске асырылуға тиіс", - деді үкімет басшысы.