Ақтөбеде әскери қызметші бюджет қаражатын құмар ойынға салған

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Жазылу
Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалды толығымен өтеген
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде әскери қызметші бюджет қаражатын "Olimp" платформасына салған, деп хабарлайды ҚР әскери сотының баспасөз қызметі.
Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған әскери қызметшіге үкім шығарды. Сотталушы қаржы қызметі бөлімінің бастығы болған.
"Ол басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы, өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған. Заңсыз алынған бюджет қаражатын "Olimp" платформасында ставкаға пайдаланған. Нәтижесінде, мемлекетке ірі көлемде 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - дейдә әскери сот.
Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші әскери атағынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілген.Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, келтірілген залалды толығымен өтеген. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0