https://sputnik.kz/20240311/toqaev-qazaqstandyqtardy-ramazan-ayynyn-bastaluymen-quttyqtady-42783506.html
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Ораза айы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді, деді президент 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T08:19+0500
2024-03-11T08:19+0500
2024-03-11T08:22+0500
ораза
рамазан айы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0c/26685472_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_828834b32e79e9fbb06d604775109e5f.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді, деп толықтырды президент.Оның пікірінше, дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады."Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0c/26685472_263:0:2994:2048_1920x0_80_0_0_659883e3ab6e08b1cc54136a6e301408.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза, рамазан айы, қасым-жомарт тоқаев
ораза, рамазан айы, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
08:19 11.03.2024 (жаңартылды: 08:22 11.03.2024) Ораза айы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді, деді президент
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл", - деп атап өтті президент.
Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді, деп толықтырды президент.
Оның пікірінше, дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады.
"Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.