https://sputnik.kz/20240311/resey-salatyn-mektepterde-oz-mugalimderimiz-sabaq-beredi--sim-42807698.html
Ресей салатын мектептерде өз мұғалімдеріміз сабақ береді – СІМ
Ресей салатын мектептерде өз мұғалімдеріміз сабақ береді – СІМ
Sputnik Қазақстан
Ресей тарапы Қазақстанның оңтүстігінде білім ошақтарын салуды жоспарлап отыр 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T18:29+0500
2024-03-11T18:29+0500
2024-03-11T18:29+0500
ресей
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41585051_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d1ccc5f991fc3c32c041ff7bfd17938c.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ресей Қазақстанда салатын мектептерге ресейлік мұғалімдер келмейді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол еліміздің оңтүстік өңірлерінде Ресей есебінен салынатын мектептерге ресейлік педагогтер келмейтінін айтты.Айтуынша, қазір Ресей тарапы бұл ақпаратты өз сайттарынан алып тастады."Бүкіл кадр өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде үш мектеп салатыны хабарланды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41585051_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_7036ac906ed07ce4eabd1f949f06417c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, мектеп
Ресей салатын мектептерде өз мұғалімдеріміз сабақ береді – СІМ
Ресей тарапы Қазақстанның оңтүстігінде білім ошақтарын салуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ресей Қазақстанда салатын мектептерге ресейлік мұғалімдер келмейді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол еліміздің оңтүстік өңірлерінде Ресей есебінен салынатын мектептерге ресейлік педагогтер келмейтінін айтты.
"Мектеп салынатыны рас. Оны өздеріңіз білесіздер. Екі мемлекет басшыларының сапарлары кезінде талай талқыланды. Бірақ мұғалімдер алып келеді немесе басқа педагогтер келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені ол жалған ақпарат", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Айтуынша, қазір Ресей тарапы бұл ақпаратты өз сайттарынан алып тастады.
"Бүкіл кадр өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде үш мектеп салатыны хабарланды.