https://sputnik.kz/20240311/ramazan-ayy-bastaldy-42784116.html
Рамазан айы басталды
Рамазан айы басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Бүгін, 11 наурызда барша мұсылмандар үшін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы басталды. 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T08:00+0500
2024-03-11T08:00+0500
2024-03-11T08:32+0500
ораза
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23937687_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_64a415e5cd16f605a574c8927d81c60a.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Бүгін, 11 наурызда барша мұсылмандар үшін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы басталды.Рамазан айында мұсылман жамағаты бір ай бойы ораза тұтады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): "Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі", - деген.Барша мұсылман осы берекелі айды асыға күтеді. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Себебі Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Осы айда мың айдан да қайырлы Қадір түні келеді.Биыл Рамазан 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады. Ораза айт мерекесі 10 наурызда болады. Ал сәуір айының 5-нен 6-сына қараған түн барша мұсылмандар Қадір түні қарсы алады.Ораза кімдерге парызШариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Олар:Аяғы ауыр және емізулі сәбиі бар әйелдер өзінің және балаларының денсаулығы үшін қауіптенсе, ораза тұтпауына болады. Бірақ кейін қазасын өтеуі керек.Сәресі мен ауызашарда айтылатын дұғаОраза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде "Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім" дейді.Ал ауызашар кезде "Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!" дейді.Оразаны не бұзадыМұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.Оразаның пайдасыЖалпы оразаның адамның тәні мен жанына, рухани өміріне пайдасы зор. Ең алдымен, мұсылман баласы ауыз бекіту арқылы Аллаға бойұсынуды үйренеді. Оразаның көмегімен бойындағы жағымсыз қасиеттер мен әдеттерден арылады.Ораза адамды сабырлық пен төзімділікке тәрбиелейді, өз нәпсісімен күресуді үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Ораза – сабырдың жартысы" деген.Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Пенденің бойында мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін оятып, жетім-жесірге қол ұшын созуға тәрбиелейді. Рамазанда берілетін пітір садақа, ауызашар дастарханы, қайырымдылық бағытта жасалған барлық амал мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін арттырады.Бұдан бөлек бір ай бойы ораза тұтқан адамның ағзасы артық және зиянды нәрселерден тазарады.Рамазан – шүкіршілік айы. Ораза, тіпті, бір жұтым су мен бір үзім нанның қадірін сездіреді.Пітір садақа қаншаБиыл пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып бекітілді.Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген адам пітір садақасын беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса – өз еркі.Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.Қазақстан бойынша биылғы Рамазан айының ораза кестесін мына жерден көруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23937687_470:0:2718:1686_1920x0_80_0_0_788c932ed137e2032ef5586031fad34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Бүгін, 11 наурызда барша мұсылмандар үшін он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы басталды.
Рамазан айында мұсылман жамағаты бір ай бойы ораза тұтады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): "Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі", - деген.
Барша мұсылман осы берекелі айды асыға күтеді. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Себебі Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Осы айда мың айдан да қайырлы Қадір түні келеді.
Биыл Рамазан 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады. Ораза айт мерекесі 10 наурызда болады. Ал сәуір айының 5-нен 6-сына қараған түн барша мұсылмандар Қадір түні қарсы алады.
Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Олар:
жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдер.
Аяғы ауыр және емізулі сәбиі бар әйелдер өзінің және балаларының денсаулығы үшін қауіптенсе, ораза тұтпауына болады. Бірақ кейін қазасын өтеуі керек.
Сәресі мен ауызашарда айтылатын дұға
Ораза ұстауға ниет еткен мұсылмандар сәресіде "Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім" дейді.
Ал ауызашар кезде "Жаратушы ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің өткен және келешек күнәларымды кешіре көр!" дейді.
ораза ұстағанын біле тұра ішіп-жеу;
темекі тарту, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
себепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық затты әдейілеп жеу.
Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет.
Каффарат дегеніміз – Рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз бұзып жіберген жағдайда екі ай ораза ұстау, егер оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандыру.
Жалпы оразаның адамның тәні мен жанына, рухани өміріне пайдасы зор. Ең алдымен, мұсылман баласы ауыз бекіту арқылы Аллаға бойұсынуды үйренеді. Оразаның көмегімен бойындағы жағымсыз қасиеттер мен әдеттерден арылады.
Ораза адамды сабырлық пен төзімділікке тәрбиелейді, өз нәпсісімен күресуді үйретеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Ораза – сабырдың жартысы" деген.
Ораза адамның зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Пенденің бойында мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерін оятып, жетім-жесірге қол ұшын созуға тәрбиелейді. Рамазанда берілетін пітір садақа, ауызашар дастарханы, қайырымдылық бағытта жасалған барлық амал мұсылмандардың бір-біріне деген мейірімі мен сүйіспеншілігін арттырады.
Бұдан бөлек бір ай бойы ораза тұтқан адамның ағзасы артық және зиянды нәрселерден тазарады.
Рамазан – шүкіршілік айы. Ораза, тіпті, бір жұтым су мен бір үзім нанның қадірін сездіреді.
Биыл пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып бекітілді.
Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген адам пітір садақасын беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса – өз еркі.
Пітір садақасы Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды.
Қазақстан бойынша биылғы Рамазан айының ораза кестесін мына жерден көруге болады.