https://sputnik.kz/20240311/qytay-ukrainadagy-qaqtygysty-toqtatu-boyynsha-germaniyamen-yntymaqtasuga-dayyn-42784705.html
Қытай Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша Германиямен ынтымақтасуға дайын
Қытай Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша Германиямен ынтымақтасуға дайын
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қытай Украинадағы әскери қимылдарды тезірек тоқтату үшін Германиямен ынтымақтасуға дайын, деп мәлімдеді Қытайдың Еуразия істері... 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T09:05+0500
2024-03-11T09:05+0500
2024-03-11T09:05+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қытай
германия
https://sputnik.kz/img/473/61/4736128_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_2918cf19dd29d693d327adf4402a192f.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қытай Украинадағы әскери қимылдарды тезірек тоқтату үшін Германиямен ынтымақтасуға дайын, деп мәлімдеді Қытайдың Еуразия істері бойынша арнайы өкілі Ли Хуэй Германия сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Томас Баггермен кездесуінде.Ли Хуэй 2 наурызда Украинадағы дағдарысты шешуге көмектесуге бағытталған Еуропаға екінші сапарын бастады. Ол Мәскеуде, Брюссельде, Киевте, сонымен қатар Польшада болды.Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ли Хуэй мен Баггер Қытай-Германия қарым-қатынасы, Украина дағдарысы, бейбіт келіссөздер процесі бойынша ашық әрі терең пікір алмасты.Ал Баггер Қытай мен Германия дағдарысқа, одан әрі жасалатын қадамдар мен бейбіт келіссөздер болашағына қатысты бір шешімге келе алатынын атап өтті."Біз бұл мәселе бойынша Қытаймен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайынбыз", - деді ол.Өткен ақпанда Қытай билігі Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты позициялық құжат жариялады, онда 12 тармақ бар, соның ішінде атысты тоқтатуға шақыру, барлық елдің заңды қауіпсіздік мүдделерін құрметтеу және Украинадағы гуманитарлық дағдарысты шешу жолдары көрсетілген.
қытай
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/61/4736128_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_fbee5ee2fb5f363719cd6cf85be4f5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, германия
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қытай Украинадағы әскери қимылдарды тезірек тоқтату үшін Германиямен ынтымақтасуға дайын, деп мәлімдеді Қытайдың Еуразия істері бойынша арнайы өкілі Ли Хуэй Германия сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Томас Баггермен кездесуінде.
Ли Хуэй 2 наурызда Украинадағы дағдарысты шешуге көмектесуге бағытталған Еуропаға екінші сапарын бастады. Ол Мәскеуде, Брюссельде, Киевте, сонымен қатар Польшада болды.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ли Хуэй мен Баггер Қытай-Германия қарым-қатынасы, Украина дағдарысы, бейбіт келіссөздер процесі бойынша ашық әрі терең пікір алмасты.
"Қазіргі қақтығыстың өршу қаупі халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Қытай мен Германияның ортақ мүдделеріне сәйкес келмейді. Қытай барлық тараптың тең қатысуымен бейбіт конференцияны дер кезінде өткізуді бірлесіп қолдау үшін және атысты тоқтатуға мүмкіндігінше тезірек жол ашу үшін Германиямен ынтымақтасуға дайын", - деді Ли Хуэй.
Ал Баггер Қытай мен Германия дағдарысқа, одан әрі жасалатын қадамдар мен бейбіт келіссөздер болашағына қатысты бір шешімге келе алатынын атап өтті.
"Біз бұл мәселе бойынша Қытаймен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайынбыз", - деді ол.
Өткен ақпанда Қытай билігі Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты позициялық құжат жариялады, онда 12 тармақ бар, соның ішінде атысты тоқтатуға шақыру, барлық елдің заңды қауіпсіздік мүдделерін құрметтеу және Украинадағы гуманитарлық дағдарысты шешу жолдары көрсетілген.