https://sputnik.kz/20240311/qazaqstanda-depressiyaga-tusu-alemdik-ortasha-dengeyden-asyp-tusti-42809652.html
Қазақстанда депрессияға түсу әлемдік орташа деңгейден асып түсті
Қазақстанда депрессияға түсу әлемдік орташа деңгейден асып түсті
Sputnik Қазақстан
Айта кету керек, еліміздің психиатриялық ауруханалары көрсеткен қызметтер көлемі өткен жылы бірден 29,7%-ке өсті 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T19:06+0500
2024-03-11T19:06+0500
2024-03-11T19:06+0500
психолог
суицид
https://sputnik.kz/img/326/14/3261416_0:79:3074:1809_1920x0_80_0_0_ef4eaad6d8402da9171dfd75ab90d134.jpg
АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Қазақстан 180 ел арасында депрессияның таралу деңгейі бойынша 93-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Ranking.kz.Sountrycassette халықаралық тәуелсіз онлайн-журналының деректері бойынша, қазақстандықтардың 4,4%-і депрессиядан зардап шегеді. Әлемдік көрсеткіш айтарлықтай аз: 3,9%. Депрессияға ұшыраған қазақстандықтардың саны 732,7 мың адам.Депрессияның таралу деңгейі бойынша бестіктің қатарына Украина, сосын АҚШ, Австралия және Эстония кіреді. Қазақстанға жақын елдердің ішінен халқының 5,5%-і депрессиядан зардап шеккен - Ресей мемлекеті. Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда психикалық денсаулықтың бұл көрсеткіші 4,2%-тен 3,8%-ке дейін төмен. Ал ең аз күйзеліске түсетіндер - Арал мемлекеттерінің тұрғындары.Айта кету керек, еліміздің психиатриялық ауруханалары көрсеткен қызметтер көлемі өткен жылы бірден 29,7%-ке өсті. Егер 2022 жылы осындай мамандандырылған медициналық мекемелер 42,4 млрд теңгеге қызмет көрсетсе (төрт тоқсандағы жиынтық деректер), 2023 жылы бұл сома 54,9 млрд теңгеден асты. Қаражаттың негізгі көзі - бюджет. Ал жеке психологтар көрсеткен қызметтердің көлемі туралы деректер қолжетімді емес.Соңғы жылдары Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсау деңгейі өзгеріссіз. Жылына 3,5 мыңнан 4 мыңға дейін адам өз еркімен өмірден кетеді. Өткен жылдың 12 айында ҚР-да 3,7 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсады, оның 234-і кәмелетке толмаған.ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептерінде 3,7 мың адамның 99-ы психиканың ауыр жағдайында қаза тапқаны көрсетілген. 2022 жылы мұндай суицидтердің саны 106-дан сәл көп болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/326/14/3261416_206:0:2937:2048_1920x0_80_0_0_ebd1c3a8b18a80c5dca5d9465ce8ec1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
психолог, суицид
Қазақстанда депрессияға түсу әлемдік орташа деңгейден асып түсті
Айта кету керек, еліміздің психиатриялық ауруханалары көрсеткен қызметтер көлемі өткен жылы бірден 29,7%-ке өсті
АЛМАТЫ, 11 наурыз - Sputnik. Қазақстан 180 ел арасында депрессияның таралу деңгейі бойынша 93-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Ranking.kz.
Sountrycassette халықаралық тәуелсіз онлайн-журналының деректері бойынша, қазақстандықтардың 4,4%-і депрессиядан зардап шегеді. Әлемдік көрсеткіш айтарлықтай аз: 3,9%. Депрессияға ұшыраған қазақстандықтардың саны 732,7 мың адам.
Депрессияның таралу деңгейі бойынша бестіктің қатарына Украина, сосын АҚШ, Австралия және Эстония кіреді. Қазақстанға жақын елдердің ішінен халқының 5,5%-і депрессиядан зардап шеккен - Ресей мемлекеті. Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда психикалық денсаулықтың бұл көрсеткіші 4,2%-тен 3,8%-ке дейін төмен. Ал ең аз күйзеліске түсетіндер - Арал мемлекеттерінің тұрғындары.
Айта кету керек, еліміздің психиатриялық ауруханалары көрсеткен қызметтер көлемі өткен жылы бірден 29,7%-ке өсті. Егер 2022 жылы осындай мамандандырылған медициналық мекемелер 42,4 млрд теңгеге қызмет көрсетсе (төрт тоқсандағы жиынтық деректер), 2023 жылы бұл сома 54,9 млрд теңгеден асты. Қаражаттың негізгі көзі - бюджет. Ал жеке психологтар көрсеткен қызметтердің көлемі туралы деректер қолжетімді емес.
Соңғы жылдары Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсау деңгейі өзгеріссіз. Жылына 3,5 мыңнан 4 мыңға дейін адам өз еркімен өмірден кетеді. Өткен жылдың 12 айында ҚР-да 3,7 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсады, оның 234-і кәмелетке толмаған.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептерінде 3,7 мың адамның 99-ы психиканың ауыр жағдайында қаза тапқаны көрсетілген. 2022 жылы мұндай суицидтердің саны 106-дан сәл көп болды.