ЕАЭО мен Иран "Еуразиялық агроэкспресс" жобасы бойынша ынтымақтасуға келісті

Жазылу
Атап айтқанда, ЕАЭО өнімдерін Иранға жеткізу, сондай-ақ ирандық көкөністер мен жемістерді біздің елдеріміздің нарығына ауқымды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ирандық тараппен "Еуразиялық агроэкспресс" жобасын әзірлеу бойынша кездесу өтті, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы толық форматты еркін сауда аймағын құру жұмыстары барысында келісілгендей, біз барлық келісімді іс жүзінде жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз", - деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол әңгіме ЕАЭО өнімдерін Иранға жеткізу, сондай-ақ ирандық көкөністер мен жемістерді елдеріміздің нарығына ауқымды тасымалдауды ұйымдастыру туралы болғанын еске салды.
Тиісті тауарлар қазірдің өзінде дүкен сөрелерінде бар. Дегенмен "Еуразиялық агроэкспресс" жобасы арқылы ауылшаруашылық өнімдері тезірек, сапалы жеткізіледі, әрі делдалдар да аз болады", - деді министр.
"Біз ірі ирандық холдингпен өзара әрекеттесуді ұсынамыз, ол жобаға тікелей кіре алады немесе сіздердің ауыл шаруашылығы өнімдеріңізді Иранға жеткізуді және біздің өнімдерді кері бағытта экспорттауды ұйымдастыру үшін "бір терезе" ретінде әрекет ете алады", - деді Иран ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Алиреза Пейман-Пак.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыт бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
"Сонымен қатар біз логистикадан басқа да мәселелер бар екенін түсінеміз. Олардың арасында өзара есеп айырысу, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау, Иран арқылы Парсы шығанағы елдері мен Үндістанға транзит мәселелері бар", - деді Андрей Слепнев.
Жаңалықтар
0