https://sputnik.kz/20240311/astanada-ruqsat-quzhattary-zhoq-33-qurylys-nysanynyn-zhumysy-toqtatyldy-42799831.html
Астанада рұқсат құжаттары жоқ 33 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды
Астанада рұқсат құжаттары жоқ 33 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату және бұзу бойынша 115 талап арыз жолдаған 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T15:40+0500
2024-03-11T15:40+0500
2024-03-11T15:43+0500
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857311_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_7216d5571560f71bfb1f34811730e3fd.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Бүгінгі таңда елордада рұқсат құжаттары жоқ 33 құрылыс нысаны бар. Барлық субъектілерге жұмыстарды тоқтату туралы нұсқамалар беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Айта кету керек, Астана қаласының қалалық ортаның сапасын бақылау және бақылау басқармасы 2023 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату және бұзу бойынша 115 талап арыз жолдаған, оның ішінде:Сондай-ақ, қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар. Сонымен қатар, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857311_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_8d612b5c9d284d4da4cf6cb57f180e29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрылыс
Астанада рұқсат құжаттары жоқ 33 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды
15:40 11.03.2024 (жаңартылды: 15:43 11.03.2024) Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату және бұзу бойынша 115 талап арыз жолдаған
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Бүгінгі таңда елордада рұқсат құжаттары жоқ 33 құрылыс нысаны бар. Барлық субъектілерге жұмыстарды тоқтату туралы нұсқамалар беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кету керек, Астана қаласының қалалық ортаның сапасын бақылау және бақылау басқармасы 2023 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату және бұзу бойынша 115 талап арыз жолдаған, оның ішінде:
3 талап-арыз сотта қаралуда;
26 талап-арыз ұйғарым талаптарының орындалуына байланысты қараусыз қалдырылды;
86 талап-арыз қанағаттандырылды;
77 сот шешімі Астана қаласының Әділет департаментінде орындалады.
Сондай-ақ, қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар. Сонымен қатар, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланады.