Астанада мешіттерге арнайы бағдарлар іске қосылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
Жазылу
Қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Рамазан айынан бастап Астанада мешіттерге арнайы маршруттар жүреді, хабарлады "City Transportation Systems" ЖШС.
"11 наурыздан бастап қасиетті "Рамазан" айында арнайы бағдарлар жүреді", - делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше діндар адамдарға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.
"Республикалық Бас мешіт" мешітінің бағыттары:
"Целинный" Ш/А;
Есу арнасы;
Республика даңғылы.
"Әзірет Сұлтан" мешітінің бағыттары:
"Спутник" супермаркеті;
Теміржол вокзалы;
"Көктал-1,2" ТҮА.
"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің бағыттары:
"Көктал-1,2" ТҮА;
Теміржол вокзалы;
Медицина колледжі.
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бағыттары:
"Көктал-1,2" ТҮА;
"Кирпичный" ТҮА.
"Рахымқызы Райса ана" мешітінің бағыттары:
"Рахмет" СО.
Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.
Жол жүру құны 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді.
Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.
Жаңалықтар
0