https://sputnik.kz/20240311/aqmola-oblysynda-oqushy-zhusannan-atir-zhasady-42787639.html
Ақмола облысында оқушы жусаннан әтір жасады
Ақмола облысында оқушы жусаннан әтір жасады
Sputnik Қазақстан
Бесінші сынып оқушысы ғылыми жобалар байқауында өз жұмысын қорғап, "Химия, биология" секциясында жүлделі 3 орынды иеленді 11.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-11T11:12+0500
2024-03-11T11:12+0500
2024-03-11T11:12+0500
жусан
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/1077/49/10774998_0:1846:2048:2998_1920x0_80_0_0_05951d3a3cdc0e9dc76b04855fa464a3.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірге қазақ даласының хош иісі сақталған әтір шығарды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Мектеп оқушысының айтуынша, оны ерекше хош иіс жасауға Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы "Жусанда туған жердің иісі бар" деген қанатты сөз шабыттандырған."Осындай сөзді естігеннен кейін туған жердің иісі бар әтірді жасап шығарғым келді. Бұл иісті шығаруда мен ежелгі шығу тегімізді зерделедім , - дейді Альбина Айдарханова.Оқушы өз жұмысында табиғи ингредиенттерді пайдаланған. Парфюмерия жасаудағы негізгі өнім - туған өлкенің қасиетті жұпарына айналған қарапайым жусан.Айта кетері, бұл хош иіс "Елім-ай" деп аталады. Жас өнертапқыштың айтуынша, әтірдің атауы еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншілікпен байланысты. Бесінші сынып оқушысы жақында өткен ғылыми жобалар байқауында өз жұмысын қорғап, "Химия, биология" секциясында жүлделі 3 орынды иеленді.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1077/49/10774998_0:1547:2048:3083_1920x0_80_0_0_67b1b2a21a55c354d2af430730079e07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жусан, ақмола облысы
Ақмола облысында оқушы жусаннан әтір жасады
Бесінші сынып оқушысы ғылыми жобалар байқауында өз жұмысын қорғап, "Химия, биология" секциясында жүлделі 3 орынды иеленді
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірге қазақ даласының хош иісі сақталған әтір шығарды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мектеп оқушысының айтуынша, оны ерекше хош иіс жасауға Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы "Жусанда туған жердің иісі бар" деген қанатты сөз шабыттандырған.
"Осындай сөзді естігеннен кейін туған жердің иісі бар әтірді жасап шығарғым келді. Бұл иісті шығаруда мен ежелгі шығу тегімізді зерделедім , - дейді Альбина Айдарханова.
Оқушы өз жұмысында табиғи ингредиенттерді пайдаланған. Парфюмерия жасаудағы негізгі өнім - туған өлкенің қасиетті жұпарына айналған қарапайым жусан.
"Біз үй жағдайында әтір жасау тәсілдерін зерттедік. Алған білімдерімізді практикада қолдану барысында жусанның сан түрін анықтадық. Егер әтірдің негізгі нотасы ретінде гүлдер қолданылса, біз оның орнына қарапайым жусанды таңдадық. Себебі оның тұнбасы тәбетті жақсартады, асқазан-ішек жолдарының қызметін нығайтады, жүйке жүйесін тыныштандырады, түрлі шаншу мен құрысуларды, ауырсынуды басады, тіпті тыныш ұйқыға септігін тигізеді", – дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова.
Айта кетері, бұл хош иіс "Елім-ай" деп аталады. Жас өнертапқыштың айтуынша, әтірдің атауы еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншілікпен байланысты. Бесінші сынып оқушысы жақында өткен ғылыми жобалар байқауында өз жұмысын қорғап, "Химия, биология" секциясында жүлделі 3 орынды иеленді.