Африкада төлқұжатынан айырылған екі қазақстандық елге оралды

© AP Photo / Armando FrancaСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2024
Жазылу
Қазақстан тарапы Нигер билігіне нота жіберген
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Африкада орналасқан Нигер мемлекетінде ұсталған екі қазақстандық елге оралды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Нигер астанасы – Ниамей қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Жергілікті әскерилер олардың төлқұжатын тартып алған.
"Біздің Египеттегі консулымыз дереу сол қалаға ұшып шықты. Сол елдің сыртқы істер, ішкі істер министрлігімен және Қарулы күштер бас штабымен кездесті. Кездесу барысында біз қазақстандықтарды дереу босатуды, паспорттарын қайтаруды талап еттік. Олар Нигерге қандай мақсатпен барғанын және не үшін паспортын алып қойғанын сол елдің билігі де не біздің азаматтар да түсіндіре алмай қойды. Бірақ соған қарамастан біз ресми түрде сол елдің билігіне нота жібердік", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Айтуынша, Нигердің сыртқы істер министрлігінің көмегімен екі азамат та төлқұжатын қайтарып алды. 26 ақпанда отандастарымыз Қазақстанға ұшып келген.
Жаңалықтар
0