Денсаулық

Павлодарлық донор үш адамның өмірін құтқарды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Бір донордың екі бүйрегі мен жүрегі үш пациентке салынды
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстанның әртүрлі өңірінде тұратын үш пациентке ағза алмастыру операциялары жасалды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Мереке қарсаңында Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургия орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері санавиация бортымен Павлодар облысына барған.
Сол күні Астанада күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша анализ тапсыруға шақырылды.
Медициналық тексерістің нәтижесі бойынша және комиссияның шешімімен 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.
"Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке бүйрек трансплантациясын сәтті жасады. Реципиент палатаға ауыстырылды, қазір оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Ана мен бала орталығында екінші пациент – баланың бүйрегі алмастырылды", - делінген хабарламада.
Ал үшінші пациентке Кардиохирургия орталығында донордың жүрегі салынды.
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Денсаулық министрі өлгеннен кейін донор болуға келісетінін айтты
Жаңалықтар
0