Әлем

Газада 31 мыңнан аса адам қаза тапты – денсаулық сақтау министрлігі

© AP Photo / Leo CorreaГаза секторы
Газа секторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Израильдің құрлық күштері Газа секторын қоршап алды, анклав оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан 31 мыңнан астам адам қаза тауып, 72 мыңнан аса адам жарақат алды, деп хабарлады анклавтың денсаулық сақтау министрлігі.
"7 қазаннан бері Израиль агрессиясының құрбандары саны 31 045-ке жетіп, 72 654 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.
Израильдің соққыларынан қаза тапқандардың 72 пайызы – әйелдер мен балалар.
Ведомство хабарлағандай, соңғы тәуліктің ішінде Израиль армиясының сектордағы әрекеттерінен 85 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Сонымен бірге ел билігінің соңғы мәліметтері бойынша Израильде 1,2 мыңға жуық адам қаза тапты, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, әскерилер, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар және 5 мыңнан астам адам жараланған.
Жаңалықтар
0