Спорт

Асу Алмабаев UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2024
Жазылу
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын және төрешілердің бірауызды шешімімен Алмабаевтың жеңісімен аяқталды
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (18-2) Майамиде (АҚШ) өткен UFC 299 турнирінде сынға түсті.
Ол америкалық Си Джей Вергарамен (12-4-1) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын және төрешілердің бірауызды шешімімен Алмабаевтың жеңісімен аяқталды – 30:27, 30:27, 30:27.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіпқой ММА мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Си Джей Вергара бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті: ол промоушендегі бірінші жекпе-жегін 2023 жылғы тамызда өткізді – екінші раундта америкалық Оди Осборнды (12-6) жеңді. Сонымен қатар, Асу жеңіс сериясын он бес жекпе-жекке дейін ұзартты – қазақстандық боксшы соңғы рет 2017 жылы жеңілген болатын.
В заседании Генеральной Ассамблеи НОК РК принимает участие Геннадий Геннадьевич Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
Жаңалықтар
0