https://sputnik.kz/20240310/aqmola-oblysynda-mektep-oqushysy-kisi-oltirgen-qylmyskerdi-ustady-42776915.html
Ақмола облысында мектеп оқушысы кісі өлтірген қылмыскерді ұстады
Ақмола облысында мектеп оқушысы кісі өлтірген қылмыскерді ұстады
Sputnik Қазақстан
Ер адамға әйелді өлтіргені үшін іздеу жарияланған 10.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-10T18:34+0500
2024-03-10T18:34+0500
2024-03-10T18:34+0500
өңірлер
ақмола облысы
оқушы
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_3c1fc69a47d306a8c0c4bf5bb12726a0.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Ақмола облысының полицейлері аса қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған оқушыны марапаттады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Бірнеше апта бұрын Щучинск қаласының 7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мирас Шаймерденов әйелді өлтіргені үшін іздеу жарияланған қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған. Мирастың айтуынша, өздеріне тиесілі жеке аумақта жасырынған белгісіз адам туралы ол жұмысшыдан білген. Жасөспірім дереу сол жерге барып, мас ер адамнан ол аумақтан кетуін талап еткен. Бірақ қылмыскер агрессия көрсеткен.Қылмыскердің басқа азаматтар үшін қауіпті екенін түсінген Мирас полицияға қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлаған. Жасөспірім қылмыскердің сыртқы белгілерін сипаттай бастағанда және оның суретін жіберген кезде, полицейлер ер адам қылмыстық құқықбұзушының сипаттамасына ұқсас екенін біліп, аталған мекенжайға шұғыл полиция жасағын жіберді. Бірақ жас жігіт полицейлер келгенше күрес әдістерін қолданып, қаскүнемді тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстап тұрған.Ақмола облысының полиция департаменті 15 жастағы Мирасты осы батылдығы үшін марапаттап, оған логотипі бар брендті футболка мен бейсболка, қол сағат табыстады.
https://sputnik.kz/20240226/pavlodar-oblysynda-15-zhyl-buryn-adam-oltirgen-qylmysker-ustaldy-42501141.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_af40d9c9686411980bfb48ca46aee514.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, оқушы
Ақмола облысында мектеп оқушысы кісі өлтірген қылмыскерді ұстады
Ер адамға әйелді өлтіргені үшін іздеу жарияланған
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Ақмола облысының полицейлері аса қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған оқушыны марапаттады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бірнеше апта бұрын Щучинск қаласының 7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мирас Шаймерденов әйелді өлтіргені үшін іздеу жарияланған қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған. Мирастың айтуынша, өздеріне тиесілі жеке аумақта жасырынған белгісіз адам туралы ол жұмысшыдан білген. Жасөспірім дереу сол жерге барып, мас ер адамнан ол аумақтан кетуін талап еткен. Бірақ қылмыскер агрессия көрсеткен.
Қылмыскердің басқа азаматтар үшін қауіпті екенін түсінген Мирас полицияға қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлаған. Жасөспірім қылмыскердің сыртқы белгілерін сипаттай бастағанда және оның суретін жіберген кезде, полицейлер ер адам қылмыстық құқықбұзушының сипаттамасына ұқсас екенін біліп, аталған мекенжайға шұғыл полиция жасағын жіберді. Бірақ жас жігіт полицейлер келгенше күрес әдістерін қолданып, қаскүнемді тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстап тұрған.
Ақмола облысының полиция департаменті 15 жастағы Мирасты осы батылдығы үшін марапаттап, оған логотипі бар брендті футболка мен бейсболка, қол сағат табыстады.