Павлодарда жарықдиодты шамдарды пайдаланған жүргізушілер жазаланды

© Sputnik / Роман Баландин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2024
Жазылу
Көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзған жүргізушіге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Павлодарда шамдары тым жарық жүргізушілер жазаланды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Полицейлер көлік иелеріне құжатта көрсетілген жарық көздерін ғана пайдалануға болатынын түсіндірді.
Полиция "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейдке шықты. Олар ксенон және жарықдиодты шамдары бар көліктерге назар аударды.
"Павлодарда Толстой-Абай көшелерінің қиылысында тұманға қарсы жарықдиодты фаралар орнатылған, жарықтандыру құрылғыларында линзалар болмаған ВАЗ-21102 көлігі тоқтатылды. Көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін жүргізуші жазаға тартылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Оның айтуынша өндіруші ұсынған шамдардан қуатты шамдарды орнату заңсыз. Бұл жол қауіпсіздігіне әсер етеді. Осы ережені қайталап бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Қоғам
Ақылы жолдың ақысын төлемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады
Жаңалықтар
0