https://sputnik.kz/20240309/pavlodar-zhane-qaragandy-oblystarynda-tasqynnyn-aldyn-alu-sharalary-zhurgizilip-zhatyr-42768310.html
Павлодар және Қарағанды облыстарында тасқынның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
Павлодар және Қарағанды облыстарында тасқынның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар және Қарағанды облыстарында су тасқынының алдын алуға арналған шараларды бөлісті. 09.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-09T13:01+0500
2024-03-09T13:01+0500
2024-03-09T13:01+0500
павлодар облысы
қарағанды облысы
тасқын
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685287_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_63bea123b577cb0dc85cfd8ba76b727c.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар және Қарағанды облыстарында су тасқынының алдын алуға арналған шараларды бөлісті.Павлодар облысының Аққулы ауданындағы алдағы су тасқынына байланысты республикалық жолдағы каналдарды тазарту жұмыстары басталды. "Жұмыстар төрт кезеңдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл суды тиімді жинауды және бұруды қамтамасыз етеді, жол жамылғысының зақымдану қаупін азайтады және су тасқыны кезеңінде кептелістердің пайда болу ықтималдығын азайтады", - делінген хабарламада.Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығыМинистрлік мәліметінше, облыста жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде. Тұрғын үйлерді су басу немесе жолдарда су тасу тіркелген жоқ. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, қазір облыс аумағының 99% қар жауып тұр. "Нұра, Шерубай-Нұра және Тоқырау өзендерінің бассейндеріндегі қардағы су қоры көпжылдық орташа мәндерден 30-49%-ға төмен. Жалпы 2 миллион м3 астам қар шығарылды. 45 км дренаждық траншеялар кесілді, 12 км каналдар, 39 км арықтар, 1908 бірлік су өткізгіш құбырлар мен 207 көпір тазартылды", деп хабарлады министрлік. Самарқанд су қоймасынан шығыны 2 м3/сек, Ынтымақ су қоймасынан 7 м3/сек санитарлық төгу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.
https://sputnik.kz/20240308/aqtobe-oblysynda-respublikalyq-manyzy-bar-zholdy-su-basty-42764707.html
павлодар облысы
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685287_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_285c278a06969a18a8a05cb810ac37dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, қарағанды облысы, тасқын
павлодар облысы, қарағанды облысы, тасқын
Павлодар және Қарағанды облыстарында тасқынның алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар және Қарағанды облыстарында су тасқынының алдын алуға арналған шараларды бөлісті.
Павлодар облысының Аққулы ауданындағы алдағы су тасқынына байланысты республикалық жолдағы каналдарды тазарту жұмыстары басталды.
"Жұмыстар төрт кезеңдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұл суды тиімді жинауды және бұруды қамтамасыз етеді, жол жамылғысының зақымдану қаупін азайтады және су тасқыны кезеңінде кептелістердің пайда болу ықтималдығын азайтады", - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығы
Министрлік мәліметінше, облыста жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде. Тұрғын үйлерді су басу немесе жолдарда су тасу тіркелген жоқ. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, қазір облыс аумағының 99% қар жауып тұр.
"Нұра, Шерубай-Нұра және Тоқырау өзендерінің бассейндеріндегі қардағы су қоры көпжылдық орташа мәндерден 30-49%-ға төмен. Жалпы 2 миллион м3 астам қар шығарылды. 45 км дренаждық траншеялар кесілді, 12 км каналдар, 39 км арықтар, 1908 бірлік су өткізгіш құбырлар мен 207 көпір тазартылды", деп хабарлады министрлік.
Самарқанд су қоймасынан шығыны 2 м3/сек, Ынтымақ су қоймасынан 7 м3/сек санитарлық төгу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.