Шығыс Қазақстанда элеватор өртенді

© Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіШығыс Қазақстанда элеватор өртенді
Шығыс Қазақстанда элеватор өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Жазылу
Элеваторда шамамен 10 тонна астық болды
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы элеватор өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 8 наурызда болған. Элеватордың кептіру бөлімінде өртенген.
"Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған. Элеватордың шамамен 250 ш. м. аумағы өртенген ", - деп таңғы сағат 6:30-да ведомство мәлімет берді.
Ал таңертең сағат 10:30-дағы берген ақпараты бойынша, кептіргіште шамамен 10 тонна астық болды.
"Өрттің ауданы 120 шаршы метр. Сағат 10:11-де өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 63 адам, 10 бірлік техника, бір өрт сөндіру поезы - 17 адам жеке құрамны, "Васкен" ЖШС - жеке құрамның 6 адамы және 1 бірлік техникасы, ШҚО бойынша ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментінің өкілі жұмылдырылды", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жаңалықтар
0