https://sputnik.kz/20240308/reseyde-barlyq-zhumys-berushini-8-nauryzda-ayelderge-syylyq-beruge-mindetteu-usynyldy-42761350.html
Ресейде барлық жұмыс берушіні 8 наурызда әйелдерге сыйлық беруге міндеттеу ұсынылды
Ресейде барлық жұмыс берушіні 8 наурызда әйелдерге сыйлық беруге міндеттеу ұсынылды
Sputnik Қазақстан
8 наурызда әйелдерді жұмыста құттықтау дәстүрі кеңес заманынан бері сақталған, бірақ барлық жерде емес. 08.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-08T13:50+0500
2024-03-08T13:50+0500
2024-03-08T13:50+0500
8 наурыз
https://sputnik.kz/img/1301/22/13012241_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_69a912973e0402f8d599880b560b2f19.jpg
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. "Ресей коммунистері" коммунистік партиясы федерация кеңесіне жұмыс берушілер қызметкерлерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы үшін заң қабылдау туралы ұсыныс жіберді. Бұл туралы РИА Новостиге партия төрағасы Сергей Малинкович айтты."Партия жұмыс берушілерді, әсіресе жеке - коммерциялық секторды қызметкерлерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға, яғни гүлдер мен шағын сыйлықтарға қаражат бөлуге міндеттеу туралы ұсыныспен РФ Федерация кеңесіне (заңнамалық бастамасы бар) үндеу жолдады", - дейді Малинкович.Ол 8 наурызда әйелдерді жұмыста құттықтау дәстүрі кеңес заманынан бері келе жатқанын, бірақ барлық жерде емес екенін айтты."Барлық меншік түріндегі жұмыс беруші 8 наурыз қарсаңында әр жұмысшыға гүл шоқтары мен кішкене сыйлық - бір қорап кәмпит немесе торт сатып алуға, мереке алдындағы соңғы жұмыс күнінде құттықтау рәсімін өткізуге міндетті болатын заң қажет", - деді Малинкович.Партия төрағасы талапты орындамағандарға заңмен айыппұл салынуы тиіс деп санайды."Осылайша біз жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік құқықтарын одан әрі қорғаймыз, ал жеке сектордағы кейбір сараң жұмыс берушілерді өздерін лайықты ұстауға мәжбүрлейміз", - деп түсіндірді коммунист.
https://sputnik.kz/20240307/elordalyq-eriktiler-ayelderge-1000-nan-asa-qyzgaldaq-syylaydy-42758122.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1301/22/13012241_216:0:2947:2048_1920x0_80_0_0_cf282f417f36e5f04c8bd47284ab759e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
8 наурыз
Ресейде барлық жұмыс берушіні 8 наурызда әйелдерге сыйлық беруге міндеттеу ұсынылды
8 наурызда әйелдерді жұмыста құттықтау дәстүрі кеңес заманынан бері сақталған, бірақ барлық жерде емес.
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. "Ресей коммунистері" коммунистік партиясы федерация кеңесіне жұмыс берушілер қызметкерлерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы үшін заң қабылдау туралы ұсыныс жіберді. Бұл туралы РИА Новостиге партия төрағасы Сергей Малинкович айтты.
"Партия жұмыс берушілерді, әсіресе жеке - коммерциялық секторды қызметкерлерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға, яғни гүлдер мен шағын сыйлықтарға қаражат бөлуге міндеттеу туралы ұсыныспен РФ Федерация кеңесіне (заңнамалық бастамасы бар) үндеу жолдады", - дейді Малинкович.
Ол 8 наурызда әйелдерді жұмыста құттықтау дәстүрі кеңес заманынан бері келе жатқанын, бірақ барлық жерде емес екенін айтты.
"Барлық меншік түріндегі жұмыс беруші 8 наурыз қарсаңында әр жұмысшыға гүл шоқтары мен кішкене сыйлық - бір қорап кәмпит немесе торт сатып алуға, мереке алдындағы соңғы жұмыс күнінде құттықтау рәсімін өткізуге міндетті болатын заң қажет", - деді Малинкович.
Партия төрағасы талапты орындамағандарға заңмен айыппұл салынуы тиіс деп санайды.
"Осылайша біз жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік құқықтарын одан әрі қорғаймыз, ал жеке сектордағы кейбір сараң жұмыс берушілерді өздерін лайықты ұстауға мәжбүрлейміз", - деп түсіндірді коммунист.