https://sputnik.kz/20240308/qazaqstannyn--ozbekstanmen-shekarasyndagy-qaplanbek-keden-beketi-qashan-ashylady-42759583.html
Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Қапланбек" кеден бекеті қашан ашылады
Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Қапланбек" кеден бекеті қашан ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 наурыз - Sputnik. Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Қапланбек" кеден бекеті биыл тамыз айында қайта ашылады, деп хабарлайды 24kz. 08.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-08T10:18+0500
2024-03-08T10:18+0500
2024-03-08T10:18+0500
кеден
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_0:157:1600:1057_1920x0_80_0_0_829a9452c5018ccc595b027c5daccab3.jpg
АСТАНА, 8 наурыз - Sputnik. Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Қапланбек" кеден бекеті биыл тамыз айында қайта ашылады, деп хабарлайды 24kz.Ондағы жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған еді. Құрылыс Өзбекстан тарапында да жүріп жатыр. Бұл істің нәтижесінде арадағы жүк тасымалы 3 есеге артады деген болжам бар. Одан бөлек "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттеріндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуға тиіс.Қазақстан мен Өзбекстанның өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобы әдетте үш айда бір мәрте кездесіп, құрылыс барысын бақылайды. Бұл жолы тараптар "Қапланбек" - "Науаи" өткізу пунктіне арнайы барып отыр. Мердігер құрылысты тамыз айына дейін аяқтауға міндетті. Ал Өзбекстан тарапы өз аумағындағы өткізу пунктін маусымда толық пайдалануға бермек. Одан бөлек көршіміз "Жібек-Жолы" бекетімен ұштасып жатқан "Гишткуприк" бекетінде де жөндеу жұмыстарын бастаған. Айта кетейік, "Қапланбек" өткізу пункті негізінен жүк тасымалына арналған. Құрылысы аяқталған соң бұл жермен тауар тасымалы 3 есе артуға тиіс. Ал жаяу жүргіншілердің дені "Жібек жолы" бекетіне бағыт алады.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_177:0:1600:1067_1920x0_80_0_0_4a391afaf4489e611e109e11d5cd6922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеден, өзбекстан
Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Қапланбек" кеден бекеті қашан ашылады
АСТАНА, 8 наурыз - Sputnik. Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Қапланбек" кеден бекеті биыл тамыз айында қайта ашылады, деп хабарлайды
24kz. Ондағы жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған еді. Құрылыс Өзбекстан тарапында да жүріп жатыр. Бұл істің нәтижесінде арадағы жүк тасымалы 3 есеге артады деген болжам бар.
Одан бөлек "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттеріндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуға тиіс.
Қазақстан мен Өзбекстанның өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобы әдетте үш айда бір мәрте кездесіп, құрылыс барысын бақылайды. Бұл жолы тараптар "Қапланбек" - "Науаи" өткізу пунктіне арнайы барып отыр. Мердігер құрылысты тамыз айына дейін аяқтауға міндетті. Ал Өзбекстан тарапы өз аумағындағы өткізу пунктін маусымда толық пайдалануға бермек. Одан бөлек көршіміз "Жібек-Жолы" бекетімен ұштасып жатқан "Гишткуприк" бекетінде де жөндеу жұмыстарын бастаған.
Айта кетейік, "Қапланбек" өткізу пункті негізінен жүк тасымалына арналған. Құрылысы аяқталған соң бұл жермен тауар тасымалы 3 есе артуға тиіс. Ал жаяу жүргіншілердің дені "Жібек жолы" бекетіне бағыт алады.