Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен шахмат фестивалінде жеңіске жетті

© Sputnik / Владислав ВодневЧемпионат мира по шахматам-2023 в Астане
Чемпионат мира по шахматам-2023 в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2024
Жазылу
Жарысқа fide рейтингінде 2300-ден астам балл жинаған шахматшылар қатысты
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен "Аэрофлот Опен 2024" шахмат фестивалінде 1-ші орынға ие болды, деп хабарлады Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Жарысқа fide рейтингінде 2300-ден астам балл жинаған шахматшылар қатысты. Сонымен қатар турнирде 15 жасқа дейінгі қатысушылар да өнер көрсетті.
Асаубаевамен бірге фестивальде Қазақстаннан Қазбек Нөгербек (18-ші орын), Даниал Сапенов (21-ші), Рамазан Жалмаханов (38-ші), Әлішер Сүлейменов (65-ші) өнер көрсетті.
Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты.
Жаңалықтар
0