https://sputnik.kz/20240308/avtobus-zhurgizushileri-shymkenttin-bir-audanyna-kiruge-qorqady-42763809.html
Автобус жүргізушілері Шымкенттің бір ауданына кіруге қорқады
Автобус жүргізушілері Шымкенттің бір ауданына кіруге қорқады
Sputnik Қазақстан
Алдын ала есеп бойынша автобустарды жөндеу үшін бір миллион теңгеден астам ақша керек 08.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-08T19:01+0500
2024-03-08T19:01+0500
2024-03-08T19:01+0500
өңірлер
шымкент
автобус
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/1069/27/10692740_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f9cccf80c4d72dc2acdcffb55a178a1a.jpg
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Шымкентте автобус жүргізушілері Таскешу тұрғын үй алабына кіруге қорқады. Ол жақта бұзақылар бес бірдей автобусты бүлдірген, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.Бұзақылар Таскешуге кірген автобустарға тас лақтырады. Барлығының шынысы жарылып кеткен. Ал автобус жүргізушілері тастың кімнің атқанын да білмей қалады.Қазіргі кезде бес автобусқа зақым келген. Алдын ала есепке сәйкес, барлығын жөндеу үшін бір миллион теңгеден астам ақша керек. Мамандар автобустарды жөндеуге кірісті. Ал полиция тергеу шараларын бастады.Таскешуге 149-ші бағыттағы автобустар ғана кіреді. Бұзақылар ұсталмаса, автобус жүргізушілері ол жаққа кірмейміз деп отыр. Онда жергілікті тұрғындар қиналып қалады.Бұзақылар бір күннің ішінде үш автобусты бүлдірген. Үшеуі де жұмысқа шықпай қалды.
https://sputnik.kz/20240227/elorda-akimdigi-keptelisten-qutylu-ushin-qogamdyq-koliktin-sanyn-kobeytpek-42543497.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/27/10692740_191:0:1968:1333_1920x0_80_0_0_3b77b2cea9b4fdf39d49c3100ad8cd7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, автобус, жүргізуші
шымкент, автобус, жүргізуші
Автобус жүргізушілері Шымкенттің бір ауданына кіруге қорқады
Алдын ала есеп бойынша автобустарды жөндеу үшін бір миллион теңгеден астам ақша керек
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Шымкентте автобус жүргізушілері Таскешу тұрғын үй алабына кіруге қорқады. Ол жақта бұзақылар бес бірдей автобусты бүлдірген, деп хабарлайды
Otyrar.kz порталы.
Бұзақылар Таскешуге кірген автобустарға тас лақтырады. Барлығының шынысы жарылып кеткен. Ал автобус жүргізушілері тастың кімнің атқанын да білмей қалады.
"Кешкі уақытта сағат 8-дің шамасында автобусқа бір нәрсенің тигенін естіп қалдым. Далаға шықсам, ешкім жоқ. Автобустың шынысы жарылып кетті. Мен кімнің тас атқанын да көрмедім. Мұның бәрі материалдық шығын ғой. Ал терезе ашық тұрса, жолаушыларға тиеді ғой", - дейді жүргізуші Қасымбек Ахметов.
Қазіргі кезде бес автобусқа зақым келген. Алдын ала есепке сәйкес, барлығын жөндеу үшін бір миллион теңгеден астам ақша керек. Мамандар автобустарды жөндеуге кірісті. Ал полиция тергеу шараларын бастады.
Таскешуге 149-ші бағыттағы автобустар ғана кіреді. Бұзақылар ұсталмаса, автобус жүргізушілері ол жаққа кірмейміз деп отыр. Онда жергілікті тұрғындар қиналып қалады.
Бұзақылар бір күннің ішінде үш автобусты бүлдірген. Үшеуі де жұмысқа шықпай қалды.