https://sputnik.kz/20240307/vitse-ministr-mobildi-audarymdar-toniregindegi-dau-damayga-qatysty-tusinikteme-berdi-42747626.html
Вице-министр мобильді аударымдар төңірегіндегі дау-дамайға қатысты түсініктеме берді
Вице-министр мобильді аударымдар төңірегіндегі дау-дамайға қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынатынын түсіндірді, деп... 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T12:56+0500
2024-03-07T12:56+0500
2024-03-07T12:56+0500
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Егер жеке кәсіпкерге үш ай қатарынан әртүрлі тұлғадан 100 мобильді аударым түссе және бұл сома 255 мың теңгеден асса, жеке кәсіпкер бақылауға алынады. Яғни осы үш критерий сәйкес келуі керек. Біз осындай талап қойып отырмыз. 2025 жылы банктер бізге 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары туралы есеп ұсынады. Біз мәліметтерді алғаннан кейін, камералды бақылау жүргіземіз. Кәсіпкерлерге хабарлама жолдаймыз", - деді Біржанов сенат кулуарында.Вице-министр сомасы 255 мың теңгеден асатын бір реттік мобильді аударымдар тексерілмейтінін атап өтті."Мысалы, наурыз айында жеке кәсіпкерге мобильді аударым арқылы 500 мың теңге түссе, оған ешқандай мәселе жоқ. Себебі бұл бір реттік аударым, оны туысы немесе досы жіберуі мүмкін", - деп түсіндірді ол.2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 млн 400 жеке кәсіпкердің 944 мыңы табысын нөлмен көрсеткен. Бұл 67 пайызды құрайды. Отыз пайыз салық төлеуші ғана заңды түрде салық төлеген."Енді Ұлттық банктің деректеріне жүгінсек, бір жылдың ішінде карточка арқылы өткен төлемдердің айналымы 55 трлн теңгені құраған. Ал мобильді аударымдардың мөлшері 80 трлн теңге болды. Бұл дегеніміз, өкінішке қарай, барлық төлем бойынша салық төленбей отыр. Сондықтан халыққа мұны дұрыс жеткізу керек. Егер жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн теңгеден салық төлемесе, азаматтардың жағдайы қиын болады. Қазір мобильді аударымдар бойынша хайп жүріп жатыр, бірақ шын мәнінде салық төленбей жатыр", - деді Біржанов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер
Вице-министр мобильді аударымдар төңірегіндегі дау-дамайға қатысты түсініктеме берді
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Егер жеке кәсіпкерге үш ай қатарынан әртүрлі тұлғадан 100 мобильді аударым түссе және бұл сома 255 мың теңгеден асса, жеке кәсіпкер бақылауға алынады. Яғни осы үш критерий сәйкес келуі керек. Біз осындай талап қойып отырмыз. 2025 жылы банктер бізге 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары туралы есеп ұсынады. Біз мәліметтерді алғаннан кейін, камералды бақылау жүргіземіз. Кәсіпкерлерге хабарлама жолдаймыз", - деді Біржанов сенат кулуарында.
Вице-министр сомасы 255 мың теңгеден асатын бір реттік мобильді аударымдар тексерілмейтінін атап өтті.
"Мысалы, наурыз айында жеке кәсіпкерге мобильді аударым арқылы 500 мың теңге түссе, оған ешқандай мәселе жоқ. Себебі бұл бір реттік аударым, оны туысы немесе досы жіберуі мүмкін", - деп түсіндірді ол.
2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 млн 400 жеке кәсіпкердің 944 мыңы табысын нөлмен көрсеткен. Бұл 67 пайызды құрайды. Отыз пайыз салық төлеуші ғана заңды түрде салық төлеген.
"Енді Ұлттық банктің деректеріне жүгінсек, бір жылдың ішінде карточка арқылы өткен төлемдердің айналымы 55 трлн теңгені құраған. Ал мобильді аударымдардың мөлшері 80 трлн теңге болды. Бұл дегеніміз, өкінішке қарай, барлық төлем бойынша салық төленбей отыр. Сондықтан халыққа мұны дұрыс жеткізу керек. Егер жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн теңгеден салық төлемесе, азаматтардың жағдайы қиын болады. Қазір мобильді аударымдар бойынша хайп жүріп жатыр, бірақ шын мәнінде салық төленбей жатыр", - деді Біржанов.