https://sputnik.kz/20240307/toqaev-ayeldi-qurmetteu---qanymyzga-singen-asyl-qasiet-42756038.html
Тоқаев мерке қарсаңында "Ару-Ана" байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Тоқаев мерке қарсаңында "Ару-Ана" байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды... 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T17:55+0500
2024-03-07T17:55+0500
2024-03-07T18:04+0500
қасым-жомарт тоқаев
мереке
https://sputnik.kz/img/07e8/03/07/42753375_43:0:1236:671_1920x0_80_0_0_40de64f53ad9208f1e2bb1fc1aeaa7ee.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.Салтанатты жиында мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды."Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы елдіктің жүгін ер-азаматтармен қатар көтеріп, адал еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына алғыс айтты. Сондай-ақ мемлекет тарапынан оларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді."Менің бастамаммен өкілді билік саласында сіздерге арнайы квота бөлінді. Қазіргі таңда парламент пен мәслихаттардағы әйелдердің үлесі артты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Өз кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді әйелдеріміз аз емес. Сондай-ақ өндірісте, ғылымда және спортта табысқа жеткен аруларымыз көп. Қазақстандағы ұстаздардың басым көпшілігі – әйелдер. Сіздер жас ұрпақты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулып жүрсіздер. Ұлт саулығын жақсартуға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Қазақстанның көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген осындай жандар зор құрметке лайық", – деді президент.Салтанатты жиында мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/07/42753375_192:0:1087:671_1920x0_80_0_0_0044c02bb794a3f33415feebac9c4751.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мереке
қасым-жомарт тоқаев, мереке
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Салтанатты жиында мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.
"Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы елдіктің жүгін ер-азаматтармен қатар көтеріп, адал еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына алғыс айтты. Сондай-ақ мемлекет тарапынан оларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
"Менің бастамаммен өкілді билік саласында сіздерге арнайы квота бөлінді. Қазіргі таңда парламент пен мәслихаттардағы әйелдердің үлесі артты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Өз кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді әйелдеріміз аз емес. Сондай-ақ өндірісте, ғылымда және спортта табысқа жеткен аруларымыз көп. Қазақстандағы ұстаздардың басым көпшілігі – әйелдер. Сіздер жас ұрпақты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулып жүрсіздер. Ұлт саулығын жақсартуға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Қазақстанның көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген осындай жандар зор құрметке лайық", – деді президент.
Салтанатты жиында мемлекет басшысы "Ару-Ана" үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.