https://sputnik.kz/20240307/sinoptikter-almatylyqtarga-zhane-tagy-eki-qalanyn-turgyndaryna-eskertu-zhasady-42745522.html
Синоптиктер алматылықтарға және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Синоптиктер алматылықтарға және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына бүгін метеорологиялық жағдай қолайсыз болатынын ескертті. 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T10:50+0500
2024-03-07T10:50+0500
2024-03-07T10:51+0500
ауа райы
синоптиктер
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0f/16532257_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_7f2c9ee07aa31b39c6264d0b5bbee821.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына бүгін метеорологиялық жағдай қолайсыз болатынын ескертті.Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесім табады.Халыққа арналған ұсыныстар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0f/16532257_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1f7bc18709c2b1d458aa31275b4e5db1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы, синоптиктер
Синоптиктер алматылықтарға және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады
10:50 07.03.2024 (жаңартылды: 10:51 07.03.2024) АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына бүгін метеорологиялық жағдай қолайсыз болатынын ескертті.
"2024 жылдың 7 наурызында Ақтөбе, Алматы, Жезқазған қалаларында ауаның ластануына байланысты метеорологиялық жағдай қолайсыз болады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесім табады.
Халыққа арналған ұсыныстар:
көшеде, әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластаушы көздердің маңында жүру уақытын қысқартыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту керек;
созылмалы өкпе ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмекті алып жүруі керек;
ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде өткізілуі керек.