https://sputnik.kz/20240307/qostanayda-byudzhet-qarzhysyn-urlady-degen-kudikpen-qylmystyq-top-ustaldy-42747479.html
Қостанайда бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T14:34+0500
2024-03-07T14:34+0500
2024-03-07T14:34+0500
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:39:1198:713_1920x0_80_0_0_e1ed06b7e9a810da3c75545d88d9a33c.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Қостанайда "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды қаржы мониторниг агенттігі."BEEF EXPORT GROUP" ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13 - ұйымдасқан топтың мүшесі, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылды."Ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалығының басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті болды", - дейді агенттік.Бұдан басқа, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 3 лауазымды тұлғасы ақша ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.7 ветеринарлық дәрігер құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені, сондай-ақ заңсыз сыйақылар алғаны үшін айыпталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1e52e600e4c7518e3a92c7fa368c3655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет қаражаты
Қостанайда бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды
Қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Қостанайда "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды қаржы мониторниг агенттігі.
"BEEF EXPORT GROUP" ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
"Топ ұзақ уақыт бойы "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңге өтеді, 3,1 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды", - дейді ведомство.
Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13 - ұйымдасқан топтың мүшесі, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылды.
"Ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалығының басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті болды", - дейді агенттік.
Бұдан басқа, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 3 лауазымды тұлғасы ақша ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.
7 ветеринарлық дәрігер құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені, сондай-ақ заңсыз сыйақылар алғаны үшін айыпталды.