https://sputnik.kz/20240307/qazaqstanda-zheke-kasipkerlerdin-70-ke-zhuygy-tabystaryn-zhasyrady---vitse-ministr-42754366.html
Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің 70%-ке жуығы табыстарын жасырады - вице-министр
Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің 70%-ке жуығы табыстарын жасырады - вице-министр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Жеке кәсіпкерлердің шамамен 70%-і кірістерін жасырады. Бұл туралы парламент кулуарларында мобильді аудармаларды бақылауға... 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T18:28+0500
2024-03-07T18:28+0500
2024-03-07T18:28+0500
салық
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653876_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7206c563bbd19c2abb984f25bf72256c.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Жеке кәсіпкерлердің шамамен 70%-і кірістерін жасырады. Бұл туралы парламент кулуарларында мобильді аудармаларды бақылауға түсініктеме бере отырып, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды "24KZ" .Оның айтуынша, бизнесмендердің банктік карталары арқылы триллиондаған теңге жұмсалады. Бұл ретте аударымдар барлық сауда айналымынан асып түседі, дейді вице-министр.Бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттарын қайта қарауға болатындығы хабарланған болатын.Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров депутаттық сауалға жауап бере отырып хабарлады.Осылайша, үш ай ішінде шоттарға 3 ең төменгі жалақы (255 мың теңге) асатын сомаға 100 және одан да көп азаматтан мобильді аударымдар арқылы ақша алатын қазақстандықтардың әрекетіне салық салушылар қызығушылық танытқан.Сондай-ақ қаржы министрінің айтуынша, кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерліктен жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын (шамамен 1 миллион теңге-ред.) тұлғалар дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653876_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_d8a00a1bdb2101e1d9916bf075252014.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Жеке кәсіпкерлердің шамамен 70%-і кірістерін жасырады. Бұл туралы парламент кулуарларында мобильді аудармаларды бақылауға түсініктеме бере отырып, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды "24KZ" .
Оның айтуынша, бизнесмендердің банктік карталары арқылы триллиондаған теңге жұмсалады. Бұл ретте аударымдар барлық сауда айналымынан асып түседі, дейді вице-министр.
"Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1,4 млн кәсіпкердің 944 мыңы нөлдік есептілікті тапсырды. Бұл кірісті көрсетпейтін жеке кәсіпкерлердің 67%-іне құрайды. Егер біз тұтынушылары болып табылатын өнімдер мен қызметтерді сату бойынша өткен жылғы Ұлттық Банктің деректерін қарайтын болсақ, банк карталары арқылы 55 трлн теңге өтті. Бұл жеке тұлғалардың бір жыл ішінде саудасы. Ал жеке тұлғалар немесе жеке кәіспкерлік аударымдар 80 трлн теңге болған", - деді Ержан Біржанов.
Бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттарын қайта қарауға болатындығы хабарланған болатын.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров депутаттық сауалға жауап бере отырып хабарлады.
Осылайша, үш ай ішінде шоттарға 3 ең төменгі жалақы (255 мың теңге) асатын сомаға 100 және одан да көп азаматтан мобильді аударымдар арқылы ақша алатын қазақстандықтардың әрекетіне салық салушылар қызығушылық танытқан.
Сондай-ақ қаржы министрінің айтуынша, кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерліктен жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын (шамамен 1 миллион теңге-ред.) тұлғалар дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.