Еңбек министрлігі балаларға бірыңғай жәрдемақы төленетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2024
Жазылу
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірі арқылы таратылады
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған хабарламада.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы отбасындағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Министрлік азаматтардан ресми көздердегі ақпаратты пайдалануды сұрап, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.
Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2024
6 айға дейін жәрдемақы алуға болады - жұмыссыз қалған жағдайда не істеу керек
Жаңалықтар
0