https://sputnik.kz/20240307/dari-darmektin-80-protsenti-shetelden-akelinedi-42744594.html
Дәрі-дәрмектің 80 проценті шетелден әкелінеді
Дәрі-дәрмектің 80 проценті шетелден әкелінеді
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы бес жылда отандық дәрі-дәрмектің өндірісін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр 07.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-07T08:58+0500
2024-03-07T08:58+0500
2024-03-07T08:58+0500
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_0:50:1001:613_1920x0_80_0_0_db6c02afae4339e174020de08c4871be.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Елдегі дәрі-дәрмектің 80 пайыздан астамы шетелден тасымалданады. Сондықтан кенжелеп тұрған фармацевтика саласын ілгерілету қазір басым бағыттардың бірі, деп хабарлады 24.kz.Денсаулық сақтау министрлігі алдағы бес жылда отандық дәрі-дәрмектің өндірісін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Үкімет қаулысымен арнайы бағдарлама бекітіліп, фармацевтиканы қолдау шаралары қолға алынды. Фармацевтика – экономиканың маңызды бөлігі. Қазір салада 193 отандық компания жұмыс істейді. Оның 150-і медициналық бұйым, 43-і дәрілік заттар шығарады.Былтыр кәсіпорындар 144,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Қазақстандық фармкомпаниялар дәрілік заттың 1015 түрі мен медициналық бұйымның 1882 түрін шығарады. Дегенмен нарықтағы дәрілік заттардың тек 14 жарым пайызға жуығы өз елімізде жасалады.Елімізге сырттан келетін дәрі-дәрмек көп. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығына жыл сайын 6 мыңға жуық өтініш келіп түседі. Оның 2-3 проценті сапасы мен қауіпсіздігі бойынша талаптарға сай болмай шығады. Нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жіберілмейді. Кейінгі 4 жылда нарықта адам денсаулығына зиян келтіретін қауіпті қоспалары бар 10 препарат анықталған."Сырттан әкелінетін дәрілер Қазақстанда 2 кезеңдегі тексерістен өткізіледі. Бірінші кезеңдегі тексеріс ол тіркеуге дейінгі тексеріс болады. Ол бізге беріліп жатқан құжаттардың барлығын заңға сәйкес келу, сәйкес келмеу және оның толықтығы. Одан кейінгі мамандандырылған тексеріс жүргізіледі. Ол жерде біз дәрілік заттардың сапасын, олардың өндіру жолдарын тексереміз", - дейді дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы департаментінің басшысы Шынар Байдуллаева.Дәрі-дәрмек өндірісін дамыту үшін ірі шетелдік компаниялармен әріптестік құру жоспарланған. Олармен бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асады. Елімізде олардың филиалдары ашылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_58:0:941:662_1920x0_80_0_0_3b2b81cf7e6b20c9637a7729d3a9f524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмектің 80 проценті шетелден әкелінеді
Денсаулық сақтау министрлігі алдағы бес жылда отандық дәрі-дәрмектің өндірісін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Елдегі дәрі-дәрмектің 80 пайыздан астамы шетелден тасымалданады. Сондықтан кенжелеп тұрған фармацевтика саласын ілгерілету қазір басым бағыттардың бірі, деп хабарлады
24.kz. Денсаулық сақтау министрлігі алдағы бес жылда отандық дәрі-дәрмектің өндірісін 50 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Үкімет қаулысымен арнайы бағдарлама бекітіліп, фармацевтиканы қолдау шаралары қолға алынды. Фармацевтика – экономиканың маңызды бөлігі. Қазір салада 193 отандық компания жұмыс істейді. Оның 150-і медициналық бұйым, 43-і дәрілік заттар шығарады.
Былтыр кәсіпорындар 144,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Қазақстандық фармкомпаниялар дәрілік заттың 1015 түрі мен медициналық бұйымның 1882 түрін шығарады. Дегенмен нарықтағы дәрілік заттардың тек 14 жарым пайызға жуығы өз елімізде жасалады.
"Отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 29 жылға дейін 50 пайызға дейін жеткізу тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырманы орындау үшін қазіргі таңда Үкімет "жол картасын" бекітіп, бұл жол картасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша 10 жылдан қосымша 3 жылға дейінгі ұзарту қарастырылған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақта орналасқан объектілерге мүлік және жер салықтарынан босату қарастырылған", - дейді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы Қанатбек Беріков.
Елімізге сырттан келетін дәрі-дәрмек көп. Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығына жыл сайын 6 мыңға жуық өтініш келіп түседі. Оның 2-3 проценті сапасы мен қауіпсіздігі бойынша талаптарға сай болмай шығады. Нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жіберілмейді. Кейінгі 4 жылда нарықта адам денсаулығына зиян келтіретін қауіпті қоспалары бар 10 препарат анықталған.
"Сырттан әкелінетін дәрілер Қазақстанда 2 кезеңдегі тексерістен өткізіледі. Бірінші кезеңдегі тексеріс ол тіркеуге дейінгі тексеріс болады. Ол бізге беріліп жатқан құжаттардың барлығын заңға сәйкес келу, сәйкес келмеу және оның толықтығы. Одан кейінгі мамандандырылған тексеріс жүргізіледі. Ол жерде біз дәрілік заттардың сапасын, олардың өндіру жолдарын тексереміз", - дейді дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы департаментінің басшысы Шынар Байдуллаева.
Дәрі-дәрмек өндірісін дамыту үшін ірі шетелдік компаниялармен әріптестік құру жоспарланған. Олармен бірлескен инвестициялық жобалар жүзеге асады. Елімізде олардың филиалдары ашылады.