Астанада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуПодготовка к празднованию 8 Марта
Подготовка к празднованию 8 Марта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Астананың барлық ауданында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 70-тен астам көпбалалы ана "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Көпбалалы аналарға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елорда аудандары әкімдерінің қолынан "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілері салтанатты жағдайда тапсырылды.
Аудан басшылары көпбалалы аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, оларға жалпыадамзаттық құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге, мәдениетке деген елеулі үлесін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, "Алтын алқа" жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға беріледі. "Күміс алқа" төсбелгісімен алты баланы тәрбиелеген әйелдер марапатталады.
Жаңалықтар
0