"Қысым көрмейсіздер": премьер-министр инвесторларға үндеу жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Инвесторларға инфрақұрылымдық, консультативтік қолдау және өнімдерін өткізуге көмек көрсетіледі
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторларға үндеу жасады, деп хбарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

"Үкімет отандық және шетелдік бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Қазақстан тұрақты түрде ұзақ мерзімді инвестициялар ағыны үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылуда. Үкімет Қазақстанда заманауи жоғары құнды өндіріс орындарын ашуға, технологияның дамуын ілгерілетуге және инновациялық кәсіпорындар құруға бағытталған әрбір ірі инвестициялық жобаға қолдау көрсетуге кепілдік береді", - делінген үндеуде.

Инвесторларға инфрақұрылымдық, консультативтік қолдау және өнімдерін өткізуге көмек көрсетіледі.
"Сіздер мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай қысым көрмейсіздер. Оған ешқандай күмән болмасын. Керісінше, үкімет сіздерге сенімді әрі ашық әріптес болады", - деді үкімет басшысы үндеуінде.
Жаңалықтар
0