Қазақстан жастары Бүкіләлемдік жастар фестивалінен алған әсерін бөлісті

© Sputnik / Скриншот видеоСочидегі бүкіләлемдік жастар фестивалінің қатысушысы Перизат Жаңбырбаева
Сочидегі бүкіләлемдік жастар фестивалінің қатысушысы Перизат Жаңбырбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Сочи фестивалі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастар арасында сенімді байланыс орнатуға бағытталған халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралардың бірі
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Сочидегі бүкіләлемдік жастар фестивалінің қатысушысы Перизат Жаңбырбаева әлемнің 190-нан астам елінен келген жастар жиналған форумның атмосферасы туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Қазақстаннан Сочиге 300-ге жуық адам барған.
Жастар қарым-қатынас жасайды, танысады, жаңа әсерге бөленеді. Басқа елдердің жастарының өмір сүру деңгейімен танысып, ой-өрісін кеңейтеді.
Мәскеуге оқуға барғысы келген Перизат бұрын-соңды Ресейде болмағанын айтады. Ал бұл жолғы фестиваль оған қатты ұнаған. Айтуынша, игі шара Перизаттың күткенінен де асып түскен, өте жақсы ұйымдастырылған.
Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан делегациясын вице-министр Евгений Кочетов басқарып барды.
Ол Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және Татарстан делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
"Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тағаевпен кездесу барысында екінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу мәселелері талқыланды", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Сочидегі дүниежүзілік жастар фестивалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Дүниежүзілік жастар фестивалінде жас кәсіпкерлердің халықаралық қауымдастығы құрылды
Жаңалықтар
0