https://sputnik.kz/20240306/men-patriotpyn---bukilalemdik-zhastar-festivalindegi-aqsh-delegatsiyasynyn-zhetekshisi-42736463.html
Мен патриотпын – Бүкіләлемдік жастар фестиваліндегі АҚШ делегациясының жетекшісі
Мен патриотпын – Бүкіләлемдік жастар фестиваліндегі АҚШ делегациясының жетекшісі
Sputnik Қазақстан
Сочиде 1-7 наурыз аралығында Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр 06.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-06T20:35+0500
2024-03-06T20:35+0500
2024-03-06T20:35+0500
жастар
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42724997_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7ecb9f00a63aa4e07f2f791aa2a03239.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестивалінде ел билігінің саясатын сынаған америкалық делегацияның жетекшісі Калеб Мопин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында өзін және оның жақтастарын патриоттар деп атады.Оның айтуынша, фестивальге қатысқан АҚШ делегаттары өздерін Ақ үйдің агрессивті саясатына қарамастан Ресеймен бейбітшілік орнатуды қалайтын Америка халқының көпшілігінің өкілі деп санайды.Сонымен қатар Калеб Мопин Ресейге сапарды қиындату үшін қолданылатын санкцияларды ақылға қонымсыз деп атады.Ол өзі Ресейге Түркия арқылы жеткенін айтты. Мопин алдымен Ыстамбулға Turkish Airlines ұшағымен ұшып келген. Бірақ ол жерде санкцияларға байланысты сол авиакомпанияның трансфер рейсімен Ресей Федерациясына ұша алмай, багажды алуға, әуежайдан шығуға және "Аэрофлот" рейсіне отыруға мәжбүр болды. Оның айтуынша, кейбір америкалық делегаттар Дубай арқылы ұшып келген."Санкциялардың кесірінен бұл жерге жету оңай болған жоқ, бұл ақылға қонымсыз. Олар Ресейге баруды қиындатып жатыр. Бұрын мен Ресейге барғанымда Нью-Йорктегі "Аэрофлот" ұшағына отыратынмын және Мәскеуден түсетінмін", - деді Мопин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/06/42724997_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_daef3505fd73a8eb2b4355afcb27e74b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар
Мен патриотпын – Бүкіләлемдік жастар фестиваліндегі АҚШ делегациясының жетекшісі
Сочиде 1-7 наурыз аралығында Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестивалінде ел билігінің саясатын сынаған америкалық делегацияның жетекшісі Калеб Мопин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында өзін және оның жақтастарын патриоттар деп атады.
Оның айтуынша, фестивальге қатысқан АҚШ делегаттары өздерін Ақ үйдің агрессивті саясатына қарамастан Ресеймен бейбітшілік орнатуды қалайтын Америка халқының көпшілігінің өкілі деп санайды.
"Мен америкалықпын, өз елімді жақсы көремін. Мен Америка халқымен өте терең рухани байланысты сезінемін", - деді Мопин.
Сонымен қатар Калеб Мопин Ресейге сапарды қиындату үшін қолданылатын санкцияларды ақылға қонымсыз деп атады.
Ол өзі Ресейге Түркия арқылы жеткенін айтты. Мопин алдымен Ыстамбулға Turkish Airlines ұшағымен ұшып келген. Бірақ ол жерде санкцияларға байланысты сол авиакомпанияның трансфер рейсімен Ресей Федерациясына ұша алмай, багажды алуға, әуежайдан шығуға және "Аэрофлот" рейсіне отыруға мәжбүр болды. Оның айтуынша, кейбір америкалық делегаттар Дубай арқылы ұшып келген.
"Санкциялардың кесірінен бұл жерге жету оңай болған жоқ, бұл ақылға қонымсыз. Олар Ресейге баруды қиындатып жатыр. Бұрын мен Ресейге барғанымда Нью-Йорктегі "Аэрофлот" ұшағына отыратынмын және Мәскеуден түсетінмін", - деді Мопин.