"Кезінде арзанға алған": Қонаев әкімдігі мен кәсіпкерлер бір мәмілеге келе алмай жүр

© Sputnik / Айдана ДайыроваҚонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар
Қонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Кәсіпкерлер сорғы станцияларын мемлекетке қайтару үшін қомақты ақша сұрап отыр
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Қонаев қаласы әкімдігі жекеменшіктің қолына өтіп кеткен сорғы станцияларын мемлекетке қайтаруға кірісті. Бірақ әзірге жеке кәсіпкерлермен бір мәмілеге келе алмай жүр. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Жалпы Қонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар. Оның бесеуі жұмыс істейді, бәрі жекеменшіктің қолында.
© Sputnik / Айдана ДайыроваКәсіпкерлер сорғы станцияларын мемлекетке қайтару үшін қомақты ақша сұрап отыр
Қонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Кәсіпкерлер сорғы станцияларын мемлекетке қайтару үшін қомақты ақша сұрап отыр
"9 сорғы станциясының бесеуі жұмыс істеп тұр. Сол су сорғы станциялары бойынша қазір ведомствоаралық комиссия құрылған. Бұл станцияларды қайтару керек болып тұр. Өйткені жекеменшіктің қолында, олар мемлекеттен қомақты ақша сұрап отыр. Ондай ақшаға мемлекет себеінен сатып алып, кейіннен тағы екі есе көп ақша құйып жөндеу қиынға соғады. Ол кісілер кезінде ондай ақшаға алған жоқ. Сол себепті сорғы станциясының қазіргі иелеріне "тегін қайтару жағын қарастырып көрсеңіздер, біз оны жөндеп, суды қолданғанда сіздерге жеңілдік берсек" дегенді айтып едік, олар келіспей отыр. Бұл өзекті мәселе", - дейді Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар
Қонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Қонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар
Әкімдіктің негізгі мақсаты – егістікті тамшылатып суару үшін сорғы станцияларын қайта жөндеу. Тамшылатып суарудың пайдасы мол: онсыз да азайып бара жатқан суды үнемді пайдалану, егіс алқаптарына себілген тыңайтқышты барынша сіңіру. Ал арықпен жібере салатын судан егістікті арам шөп басып, диқандарды әбігерге салады. Тамшылатып суғарса су тікелей өнімге құйылады.
Ал сорғы станциялары иелерінің айтуынша, қайтаруға дайын, бірақ сатып алатын мемлекеттің ақшасы жоқ дейді.
Бес станцияның бірінің қазіргі иесі, кәсіпкер – Нұрбол Күздікбаев.
"Мемлекет аламын десе, сатамыз деп отырмыз. Бірақ мемлекетте қаражат болмай тұр. Алдында сорғы станциясының құнын 2 млрд деп сатуға қойғанбыз. Жалпы бұл станцияны алып, жұмыс істегенімізге 7-8 жыл болды", - дейді Нұрбол Күздікбаев.
Кәсіпкерлердің айтуынша, сорғы станцияларының проблемасы шаш етектен.
"Біздегі негізгі қиындық электр энергиясы. Сатқан суымыздың 70 проценті электр энергиясына кетеді. Шаруаларға уақытылы субсидия түспейді. Электр энергиясының тарифі жылда қымбаттайды. Салдарынан шаруалар маған қарыз болады, мен электр энергиясына қарыз боламын, олар келеді де қиып кетеді. Соның кесірінен шаруаларға су бере алмаймыз", - дейді кәсіпкер.
Су сорғы станциялары негізінен мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін жұмыс істейді.
"Егістікті нағыз суғаратын кезде электр жоқ. Егін күйіп кете жаздаған кездер болды, мәселені әрең шештік. Негізі біз графикпен су береміз. Электр болмағандықтан график кешігеді. Салдарынан егістік күйіп кетеді. Мен мысалға электр энергиясына 60 млн қарызбын, оның небәрі 20 млн теңгесін ғана төледік", - дейді Қонаев қаласы аумағындағы 2-ші сорғы станциясының иесі Нұрлан Күздікбаев.
© Sputnik / Айдана Дайырова

Кәсіпкерлер сорғы станцияларының проблемасы шаш етектен екенін айтады

Кәсіпкерлер сорғы станцияларының проблемасы шаш етектен екенін айтады - Sputnik Қазақстан
1/3

2/3

3/3

Сөздің қысқасы, жекеменшікке алған кәсіпкерлер сорғы станцияларын мемлекетке тегін беруге ниетті емес. Ал шаруалар болса кәсіпкерлер халықты қанап отыр дейді. Солардың бірі – кезінде сорғы станциясында атқарушы директор қызметін атқарған, қазіргі зейнеткер – Марат Шымбаев.
"Биыл 2-ші сорғы станциясы толық күрделі жөндеуге тұру керек. 1997 жылы қайта жөндеуден өткен. Содан бері бір болты да ауыстырылмаған десе де болады. Әбден тозығы жеткен. Құжат бойынша берілетін суды бере алмайды, электр энергияны жейді. Мысалға, сағатына 10 мың текше метр су беру керек, оған 6000 КВТ электр энергияны қолданады дейік. Бірақ небәрі 4-5 мың текше метр су беріп отыр, ал қолданылатын энергия сол күйі. Қалғаны ауа. Сол шығынды шаруа қожалықтары төлеуге мәжбүр. Өйткені басқа амалы жоқ. Ал сорғы станцияларының иелері монополистер, барлық талапты солар қояды. Амалсыз орындауға мәжбүрміз. "Әке-көке" деп, соларға жалынып, күн көріп отырмыз, өйткені егістік күйіп кетеді", - дейді Марат Шымбаев.
© Sputnik / Айдана ДайыроваШеңгелді ауылының тұрғындары судың ақшасын төлей алмай отыр
Қонаев қаласына қарасты аумақтарда 9 су сорғы станциясы бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Шеңгелді ауылының тұрғындары судың ақшасын төлей алмай отыр
Марат Шымбаев кеңес үкіметі кезінде сорғы станциясында аға машинист болған. Кейіннен атқарушы директор болып қызмет еткен. Қысқасы, сорғы станциясының бүге-шігесіне дейін біліп отыр. Ал станция орналасқан Шеңгелді ауылының тұрғындары судың ақшасын төлей алмай қалдық дейді.
"Бұл сорғы станциясын негізі үш адам бірігіп сатып алған дейді. Қазір арендатор отыр. Жалға алған. Сол жалға алған азаматпен жұмыс істей алмай жатырмыз. Жылда судың бағасын көтереді, жылда фирманы ауыстырады. Халықты әбден әбігерге салды. Кеше Астанаға барып келдік. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен су ресурстары министрлігіне бұл проблеманы жазып, кеңсеге арыз тастап кеттік", - дейді Шеңгелді ауылының тұрғыны Қанат Дәулетбаев.
Шаруалардың айтуынша, қазіргі кәсіпкерлер су сорғы станцияларына ешбір тиын салып, жөндеу жүргізбеген. Пайда табу көзі ретінде ғана ұстап отыр.
Жаңалықтар
0