https://sputnik.kz/20240306/keybir-qazaqstandyqtarga-tutynushylyq-nesie-berilmeydi--zan-zhobasy-maquldandy-42717145.html
Кейбір қазақстандықтарға тұтынушылық несие берілмейді – заң жобасы мақұлданды
Кейбір қазақстандықтарға тұтынушылық несие берілмейді – заң жобасы мақұлданды
Sputnik Қазақстан
Кейбір қазақстандықтарға тұтынушылық несие берілмейді – заң жобасы мақұлданды 06.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-06T14:57+0500
2024-03-06T14:57+0500
2024-03-06T14:57+0500
кредит
заң
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38595198_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_715454ac9908db1962b7e0d013407d97.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Несиені төлеу мерзімі тоқсан күннен асып кеткен азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге тыйым салынады. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақтың айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдарының алдында 19 трлн теңге берешегі бар, оның ішінде 8,2 млн азаматтың кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешегі 10 трлн теңгені құрайды. Ал 1,6 млн азаматтың 1,7 трлн теңгеге проблемалық кредиттері бар (90 күннен артық мерзімі өткен).Сондай-ақ проблемалық кредиттерді коллекторларға сату бойынша да өзгеріс енгізіледі.Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары банктер мен микроқаржы ұйымдары өз балансын тазарту үшін жеке тұлғалардың проблемалық кредиттерін айтарлықтай жеңілдікпен коллекторларға беру практикасы қалыптасқан."Сондықтан да қарыз алушылардың мерзімі өткен берешекті реттеу құқықтарын қорғау үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың кредиттерін төлем мерзімі өткен кезден бастап 24 айдан соң және кредитор берешекті реттеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін ғана коллекторлық агенттіктерге сатуына рұқсат беру ұсынылады", - деді ол.2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 890 мың қазақстандықтың 382 млрд теңге қарыздары коллекторлық агенттіктерге берілген."Осыған орай, жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу бойынша коллекторлардың тікелей міндетін енгізу ұсынылады", деді депутат.Бұдан бөлек қарыз жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеу үшін заңнамалық тұрғыда тұтынушылық кредит деген ұғым енгізіледі. Бұл оның ең жоғары мәнін (банктер үшін – 5 млн теңге, МҚҰ үшін – 2 млн теңге) нормативтік деңгейде шектеуге мүмкіндік береді."Қосымша шектеу шарасы ретінде жаңа макропруденциялық норматив – азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша жиынтық берешегінің қарыз алушының табысына қатынасы енгізіледі", - деді Шапақ.Бұған қоса заң жобасына сәйкес, банк омбудсманы азаматтардың барлық кредиті бойынша дауларды реттеуге міндеттеледі. Сондай-ақ, банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар үшін банк омбдусманының шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38595198_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_6ab671ae3bbd1298b43bc3bb259f4587.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, заң
Кейбір қазақстандықтарға тұтынушылық несие берілмейді – заң жобасы мақұлданды
Кейбір қазақстандықтарға тұтынушылық несие берілмейді – заң жобасы мақұлданды
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Несиені төлеу мерзімі тоқсан күннен асып кеткен азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге тыйым салынады. Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақтың айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдарының алдында 19 трлн теңге берешегі бар, оның ішінде 8,2 млн азаматтың кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешегі 10 трлн теңгені құрайды. Ал 1,6 млн азаматтың 1,7 трлн теңгеге проблемалық кредиттері бар (90 күннен артық мерзімі өткен).
"Проблемалық борышы бар азаматтардың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан жағдайда оларға кепілсіз тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу жөнінде норма енгізіледі. Бұдан басқа, банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін барлық өтелмеге тұтынушылық кредит бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан соң, сыйақы есептеуге тыйым салынады", - деді Шапақ мәжіліс отырысында.
Сондай-ақ проблемалық кредиттерді коллекторларға сату бойынша да өзгеріс енгізіледі.
Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары банктер мен микроқаржы ұйымдары өз балансын тазарту үшін жеке тұлғалардың проблемалық кредиттерін айтарлықтай жеңілдікпен коллекторларға беру практикасы қалыптасқан.
"Сондықтан да қарыз алушылардың мерзімі өткен берешекті реттеу құқықтарын қорғау үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың кредиттерін төлем мерзімі өткен кезден бастап 24 айдан соң және кредитор берешекті реттеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін ғана коллекторлық агенттіктерге сатуына рұқсат беру ұсынылады", - деді ол.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 890 мың қазақстандықтың 382 млрд теңге қарыздары коллекторлық агенттіктерге берілген.
"Осыған орай, жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу бойынша коллекторлардың тікелей міндетін енгізу ұсынылады", деді депутат.
Бұдан бөлек қарыз жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеу үшін заңнамалық тұрғыда тұтынушылық кредит деген ұғым енгізіледі. Бұл оның ең жоғары мәнін (банктер үшін – 5 млн теңге, МҚҰ үшін – 2 млн теңге) нормативтік деңгейде шектеуге мүмкіндік береді.
"Қосымша шектеу шарасы ретінде жаңа макропруденциялық норматив – азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша жиынтық берешегінің қарыз алушының табысына қатынасы енгізіледі", - деді Шапақ.
Бұған қоса заң жобасына сәйкес, банк омбудсманы азаматтардың барлық кредиті бойынша дауларды реттеуге міндеттеледі. Сондай-ақ, банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар үшін банк омбдусманының шешімдерін орындау міндеттілігі енгізіледі.