Германияға ұшатын әуе рейстері тоқтатылды

© Sputnik / Владислав ВодневҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Жолаушылар билеттерді 14 наурызға дейін қайта брондай алады
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Spunik. Астана-Франкфурт-Астана рейстері тоқтатылды, деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
"Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 Астана-Франкфурт-Астана рейстері 2024 жылдың 07 наурызында орындалмайды", - деп жазылған хабарламада.
Рейстердің жолаушыларына SMS хабарламалар жіберілген.
Бұл рейстердің жолаушыларына сервис ақысынанан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігін толық қайтару, сондай-ақ билеттің құнын толық қайтару немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған.
Air Astana жолаушылардан билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша компанияның көмек орталығына хабарласып, рейстің мәртебесін ресми сайттан тексеруді сұрады.
Жаңалықтар
0