Бүкіләлемдік жастар фестивалінде 70-тен астам ұлт өкілдері достық биін биледі

© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуШоу-приветствие "Город молодежи мира" в рамках Всемирного фестиваля молодежи на федеральной территории "Сириус"
Шоу-приветствие Город молодежи мира в рамках Всемирного фестиваля молодежи на федеральной территории Сириус - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 наурыз - Sputnik. Бүкіләлемдік жастар фестивалінде көпұлтты би бойынша әлемдік рекорд орнатылды, оған 150-ден астам елден 73 ұлт өкілдері қатысты, деп хабарлайды фестивальді ұйымдастырушылар.
"Сириус қаласында өткен Бүкіләлемдік жастар фестивалінде көпұлтты хоровод бойынша әлемдік рекорд орнатылды. Әлемнің 150-ден астам елінен келген 73 ұлттың өкілдері Ресейдің символына айналған әйгілі биде бас қосты", - делінген хабарламада.
Іс-шараға барлығы 2 мың жас қатысқаны айтылған. Олардың арасында испандар, бразилиялықтар, шешендер, ирландтар, қырғыздар, әзербайжандар, осетиндер, мексикалықтар, арабтар, африкалықтар, еврейлер, башқұрттар, үнділер және басқалар бар.
"Ең көпұлтты достық хоровод биі" аталымы бойынша әлемдік рекордты "Интеррекорд" халықаралық рекордтарды тіркеу агенттігінің басшысы Владислав Копылов және агенттіктің халықаралық арбитри Юделькис Диас ресми түрде растады - арнайы қонақтар осы тарихи оқиғаның куәсі болғандарын атап өтті.
"Ең көпұлтты достық хоровод биі" әлемдік рекорды жай сан емес, бұл жастық күш-қуат тудырған мықты бірлік симфониясы. Бүгін біз достық хоровод биі бүкіл дүние жүзіндегі жүректерді біріктіретініне куә болып отырмыз", - деді Копылов.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы – Росмолодежь.
РИА Новости 2024 жылғы Бүкіләлемдік жастар фестивалінің бас ақпараттық серіктесі болып табылады.
Всемирный фестиваль молодежи в Сочи - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Бүкіләлемдік жастар фестиваліне 190 елден делегация қатысып жатыр
Жаңалықтар
0