Әйелдер қай салаларда көбірек жұмыс істейді

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Жазылу
Республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда әйелдер жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3% құрайды, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

"Республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%. Егер 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған", - дп жазылған хабарламада.

Салалар бөлінісінде:
әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%,
көтерме және бөлшек саудада – 19,6%,
ауыл шаруашылығында – 9,7%,
денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%,
өнеркәсіпте – 7,8%.
Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.
Жаңалықтар
0